12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыдағы тергеу изоляторына «Біз азаптауға қарсымыз» қоғамдық бірлестігінің басшысы келді

Кеше Алматы қаласындағы Тергеу изоляторына «Біз азаптауға қарсымыз» қоғамдық бірлестігінің басшысы Елена Александровна Семенова келіп, қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған күдіктілермен кездесті.

Күндізгі сағат 11.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін тұтқындар ұсталатын камераларды аралаған аталған бірлестік басшысы тұтқындардың әрқайсысымен жүздесіп, азаптау фактілері туралы сұрады.

Сонымен қатар ол ЛА-155/18 мекемесіндегі тергеу қамауындағылардың тамақтану жағдайын да өз көзімен көріп, олармен медициналық көмек көрсетудің сапасы жайлы әңгімелесті.

«Біз азаптауға қарсымыз» бірлестігінің басшысы Е.А.Семеновамен бірге камераларды аралаған Алматы қаласы прокуратурасының басқарма басшысы А.Омаров та тұтқындармен әңгімелесіп, оларға өз құқықтарын түсіндірді.

«Тергеу изоляторына құқық қорғаушылар мен әртүрлі қоғамдық бірлестік өкілдерінің жиі келуі қазір қаңтар оқиғасына қатысты қамалғандарды азаптау жайлы жалған ақпараттардың алдын алады. Тұтқындармен мұндай жүздесулер кезінде тексерушілер Тергеу изоляторындағы ұстау жағдайына да қанығады»-дейді Алматы қаласы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары әділет полковнигі Е.Ұзақов.

Тексеру кезінде күдіктілер тарапынан азаптауға байланысты ешқандай шағым болған жоқ.

Ведущий китайский автопроизводитель Changan Auto подписал соглашение с компанией Flying Auto

В Алматы состоялось торжественное подписание соглашения о дистрибьюторском сотрудничестве...

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...