Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымы ЗК-169/5 мекемесіндегі жазасын өтеушілерге психологиялық кітаптар сыйға тартты. Екі тарап сотталғандарды бейсаналық деңгейден, өмірге деген ынтасын арттыру мақсатында өзара меморандумға отырған болатын.
Шара барысында сотталғандар жаңа кітаптарды оқып, өз түйгендерімен бөлісті.
-Кез-келген жазасын өтеушінің психолгогиялық проблемасы бар. Сондықтан психологтар тарапынан мұндай шаралардың ұйымдастырылып жатқаны біз үшін үлкен қуаныш. Шыны керек ойдың шырмауынан шыға алмай қиыналатын кездер болады,-деді сотталған.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД