Украинада әскери жағдай жарияланды

Украина Президенті Владимир Зеленский Ресейдің арнайы әскери операциясы басталғаннан кейін халқына бейнеүндеу жолдап, бүкіл елде әскери жағдай жарияланғанын мәлімдеді.

Осы оқиғаларға байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялауды қамтамасыз ететінін хабарлады. Сондай-ақ, Қазақстан азаматтары Киев қаласы, Ильенко көшесі, 26 үй мекенжайы бойынша және +38 (067) 347 04 08 (WhatsApp, Viber), +38 (044) 483 15 96, +38 (044) 489 18 58 телефондары мен жедел желілер арқылы елшілікке хабарласа алатынын айтты.
Газеттің кезекті саны дайындалып жатқан уақытта осы мәселелерге байланысты ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәлидің 24 ақпан кешкі 20:30-да Qazaqstan ұлттық телеарнасына арнайы сұхбат беретіні мәлім болды. Ол Қазақстанның Ресей-Украина қақтығысындағы ұстанымы қандай болатынын, сондай-ақ, қаңтар оқиғасына қатысты көпшіліктің көңіліндегі сауалдарға жауап беретінін хабарлады. Біз газеттің алдағы номерлерінде бұл мәселелерге қайта ораламыз. Әлемдегі және елдегі саяси ахуалдар журналистердің назарында.

Ж.Құдайберген

Әскерден қашқандар үшін жаңа шектеулер қарастырылып жатыр 

Қазақстанда әскерге шақыру жүйесі жетілдіріледі.

Қазақстанның 17 облысына дауылды ескерту жарияланды

24 сәуірде Қазақстанның 17 облысына дауылды ескерту жарияланды.

Қазақстанда ана өлімі 35%-ға төмендеді – ДСМ 

Соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда ана өлімі 35%-ға азайды.

Еуроодақ санкциясының 20-пакетіне Қазақстан компаниясы да ілікті 

Еуропалық Одақ Кеңесі Мәскеуге қарсы санкциялардың жаңа пакетін жариялады.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы отандастарымызды Ұлттық кітап күнімен құттықтады.