Әсел СӘКЕНОВА, Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығындағыТрансфузиология орталықтың меңгерушісі: «Біздің міндет – иммунологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету»

Адамға қан құю, оған сәйкес келмейтін топтың қанын шатастырып құю ағза үшін ауыр зардаптарға, тіпті, өлімге әкелетін қиын жағдай екені көпшілікке белгілі. Қай елдің практикасында болсын, қан құярдың алдында әрдайым қан тазалығын тексеруден бөлек, оның ағзамен үйле­сімділігін түбегейлі зерттеу де міндет. Осы және өзге мәселелер туралы біз Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтағы Трансфузиология орталығының меңгерушісі Әсел Сәкеноваға бірнеше сауал қойдық.

– Әсел Серіктайқызы, реципиент деген түсінікке анықтама бере кетсеңіз?
– Медицина саласында реципиент деп донор қаны және оның компоненттері құйылған адамды айтады. Мәселен, біздің орталықта былтыр 1201 реци­пиент болды. Оның 565-і ер, 636-сы әйел адам. Олардың 792-сі онкогематология бөлімінің науқастары еді. Осы арада онкогематология бөлімінің науқастары қан және оның компоненттеріне тәуелді болғандықтан, бір науқас бірнеше рет реципиент болатынын да айта кеткен жөн шығар.
– Донор қанын құюға дайындық қалай жүреді?
– Операция жасаудың алдында донорлық қан компоненттерін немесе препараттарын құюға науқастың ақпараттандырылған ерікті келісімі немесе құюдан бас тартуы құжат түрінде рәсімделеді. Ол 2020 жылдың 7 шілдесінде қабылданған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 7-бабының 31-тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен денсау­лық сақтау саласындағы есепке алу және есеп беру құжаттамасының нысаны бойынша жүзеге асады.
Қан компоненттерін құю, кұймау пациенттің өз еркінде. Бірақ, пациент немесе оның заңды өкілдері құюдан үзілді-кесілді бас тартқан жағдайда дәрігерлер пациент өмірін сақтап қалу үшін барлық балама әдістерді пайдаланады. Сондай-ақ, науқас немесе оның заңды өкілдері донорлық қан компоненттерін пайдаланған кезде күтілетін оң әсері, трансфузияның болжамды теріс салдары және емдеудің мүмкін болатын балама әдістері туралы хабардар болуы тиіс. Яғни, науқастың келісімін алу мүмкіндігі болмаған жағдайда құжатпен ресімделген шешімді дәрігерлік комиссия қабылдайды.
– Қан және оның компоненттерін құяр алдында сіздерге кандай талаптар қойылады?
– Құюды жүргізу туралы шешім қабылданғаннан кейін, осы шешімді қабылдауға негіз болатын зертханалық және клиникалық деректердің болуы шарт. Қан компоненттерін құюдың алдында реципиент АИТВ, В және С гепатиттері трансмиссиялық инфекциялар маркерлеріне тексерілуі тиіс. Емдеу аяқталғаннан кейін шығару эпикризінде АИТВ-ға, В және С гепатиттеріне тұрғылықты жері бой­ынша қайта тексерілудің қажеттігі көрсетіледі.
– Қан құюға болмайтын жағ­дайлар бар ма?
– Әрине, өкпенің ісінуімен сүйемелденетін жүрек-өкпе жеткіліксіздігі гемотрансфузияға абсолюттік қарсы көрсетілім болып табылады. Жаңа тромбоздар мен эмболиялар, ми қан айналымының ауыр бұзылыстары, жүректің ишемиялық ауруы, септикалық эндокардит, жүрек ақаулары, ІІІ дәрежедегі қан айналымының жеткіліксіздігі бар миокардит, ІІІ кезеңдегі гипертониялық аурулар, бауыр мен бүйректің ауыр функционалдық бұзылулары, ауыр аллергиялық ауру (бронх демікпесі, поливалентті аллергия), туберкулездің ағымдағы және диссеминацияланған түрі, әсіресе, ревматикалық пурпура гемотрансфузияға салыстырмалы қарсы көрсетілімдер.
– Трансфузиядан кейінгі асқыну туындаған кездер болды ма?
– Жоқ, әзірге ондай асқынулар болған емес. Бүгінгі таңда трансфузиялық иммунологияның негізгі міндеті қан құюдың иммунологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қан қызметі бөлімінің иммундық гематологиялық зертханасында: трансфузиядан ке­йінгі сарысу үлгісін гемолиз боялуын көзбен бағалау; реципиенттің және донордың АВ0, Rh, Кell-тиістілігін анықтау (трансфузия алдындағы және трансфузиядан кейінгі қан үлгілері); үйлесімділік сынамаларын жүргізу; аллоантиденелер скринингі сияқты әрекеттер орындалуы арқасында трансфузиологиялық көмектің сапасы әлдеқайда жоғарғы деңгейде болады.
– Қан және оның компоненттеріне деген мұқтаждық бар ма?
– Қан және оның компоненттеріне деген мұқтаждық жоқ. Бірақ біздің онкогематология бөліміндегі науқастарымыз қан және оның компоненттеріне тәуелді екені ешкімге жасырын емес. Біздің негізгі мақсатымыз қанды және оның компоненттерін құю қажеттілігін төмендету. Бұрынғы жылдармен салыстырғанда қан компоненттеріне қажеттіліктің артуы онкологиялық кө­мектің қолжетімділігі мен сапасының жоғарылауымен және қатерлі ісіктерді ерте алдын алудың күшейтілуіне байланысты. Сонымен қатар, онкогематологиялық көмектің дамуы клиниканың тромбоциттерге қажеттілігін арттыруда.
Қан және оның компоненттерін құю қағидаларын, көрсеткіштері мен қарсы көрсетілімдерін, оларды медициналық тәжірибеде қолдану әдістерін, қан құюдан кейінгі асқынулар мен реакциялардың алдын алу және емдеу әдістерін бақылау, трансфузиялық көмектің сапасын ғана емес, сонымен бірге жалпы ауруханада көрсететін медициналық көмектің сапасын да бағалауға мүмкіндік береді. Сондықтан, сапалы трансфузиологиялық көмек көрсету біздің әрқашан басты мақсатымыз болып қала береді.
– Сұхбатыңызға рақмет.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.