12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Алтын Орда» базарындағы мәселелер қалай шешіледі? 

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев «Алтын Орда» базардағы мәселелер қалай шешілетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бозымбаевтың айтуынша, базарға қатысты мәселелерді шешу мақсатында барлық бағыт бойынша жұмыс істеледі. Құрылыс, санитария және салық бойынша бақылау жүргізіледі.

Сондай-ақ, базар қызметін жеңілдету және ашықтығын қамтамасыз ету үшін Іле ауданында А+ деңгейіндегі автоматтандырылған логистикалық хаб салу жоспарланып отыр.

«Логистикалық хаб аумағы 200 мың шаршы метр болады. Ол Қазақстандағы ең ірі кәсіпорындардың біріне айналады. Ол үшін 200 миллион доллар көлемінде инвестиция тартамыз, 1500-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады», — деді Алматы облысының әкімі.

Қазіргі Бозымбаев осы жобаны іске асыратын AIRBA FF ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Киммен меморандумға қол қойды.

Бұған дейін Президент екі бірдей әкімге (Алматы және Алматы облысы) Үкіметпен бірлесіп «Алтын Орда» базарында тәртіп орнатуды тапсырған еді. 

«Тағы бір мәселені айтқым келеді. Тиімсіз сауда делдалдығын тоқтататын кез келді. Мысалы, Алматыда тұратын 3 миллион адам көп жағдайда «Алтын Орда» базарынан тауар сатып алады. Алматы мен Алматы облысының әкімдеріне Үкіметпен бірлесіп, осы базарда тәртіп орнатуды тапсырамын», — деді Мемлекет басшысы.

Остановить практику смертей за решеткой

МАЖИЛИСМЕНЫ ОБЕСПОКОЕНЫ КРИТИЧЕСКИМ УРОВНЕМ СМЕРТНОСТИ В СЛЕДСТВЕННЫХ ИЗОЛЯТОРАХ И...

Туды көлікке ілуге бола ма? Министрлік мәлімдеме жасады

Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік туды көлікке іліп жүруге қатысты пікір білдірді.

Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заң қабылданды

Сенат депутаттары Қазақстанда ЛГБТ-ны насихатына тыйым салуды көздейтін түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.

Оқушы білімі vs жасанды интеллект: Балаларды қалай бағалау керек?

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жасанды интеллекттің (AI) қазіргі өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтіп, білім беру саласында оның әсерін түсіну және қолдану қажеттігін айтты.

Қазақстандықтар орташа есеппен 75 жастан көп өмір сүреді

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына сәйкес, күтілетін өмір ұзақтығы негізгі ұлттық көрсеткіштердің бірі.