Сенат Серік Сыдықовты қызметінен босатты

Сенат Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сыдықовты қызметінен босатты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Серік Сламжанұлына Орталық сайлау комиссиясының мүшесі ретінде атқарған жұмысы үшін алғыс айта отырып, қызметіне табыс тілейміз», — деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Серік Сыдықов 1962 жылы туған. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан Республикасы Парламентінде 1995 жылдан бері жұмыс істеген. Сенат Аппараты Құқықтық сараптама бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі, Сараптама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, Сенат Аппараты Басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

«Құрмет» орденімен, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталған.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.