ЗК-169/5 мекемесінің ұжымы туберкулезді ерте анықтау үшін сотталғандарды флюорографиялық тексеруден өткізді. Шараға атсалысқан медицина, режим, жедел бөлімдерінің қызметкерлері әр жасақтың тексеруден өтуін қамтамасыз етіп, белсенді жұмыс жасады.
— Флюорографиядан өту мекемеде 6 ай сайын жүргізіліп тұрады. Тұрақты ұйымдастырылып келе жатқан тексеру шарасының арқасында біз біршама өкпе ауруларын алдын алдық. 501 сотталған флюорографияға түсуі тиіс болса бүгінде оның 100 пайызы толық түсті деді,-медицина бөлімінің бастығы әділет лейтенанты Гүлмира Асилова.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД