12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Психолог мамандар сотталғандарға «Есірткісіз болашақ» тақырыбында дәріс өткізді

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық–атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтеуші азаматтармен психологиялық тренингтер жиі өткізіліп тұрады. Психологиялық тренингтер сотталғандардың өзін-өзі өзгертуге, қоғамнан өз орнын табуға, өмірге деген оң көзқарасын қалыптастырып бейімдеуде маңызы өте зор.
2022 жылғы 22 ақпанда мекемедегі сотталғандарға мекеменің психолог маманы С.Кеңес «Есірткісіз болашақ» тақырыбында шара өткізді. Шараға облыстық наркология орталығының психолог мамандары Ә.Асылбекқызы, Ш.Раушанбекқызы қатысып, әртүрлі стресстік жағдайда, өз-өзіне сенімсіздік, түрлі фобияда жүрген сотталған азаматтарға дәріс оқып түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында психолог мамандар сотталғандарға есірткінің адам ағзасына зияны, есірткі қабылдаудың зардаптары туралы кеңірек түсіндіріп, психологиялық тренинг жаттығуларын ұйымдастырды. Жазасын өтеушілер азаматтар тренинг жаттығулары барасында көніл-күйлері көтеріліп, өздерін еркін ұстап, белсенділік таныта білді.
Шара соңында сотталған азаматтар психолог мамандарға алғысын айтып, алған әсерлерімен бөлісті.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...