Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбтебап кітапханасының ұжымы ЗК-169/5 мекемесіне әдеби кітаптар сыйға тартты. Мұхтар Әуезов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Жақсылық Рахматулла сынды қазақтың біртуар жазушыларының шығармаларымен енді сотталғандар танысатын болады.
-Кітапханаға 467 кітап келді. Қуанып отырмыз. Себібі біздегі кітаптардың басым бөлігі орыс тілінде. Дегенмен орысша түсінетін адам үшін тарихи шығармалардың берері көп. Жалпы кітап оқу арқылы білім көкжиегімізді арттырамыз. Бүгінгі келген «Қан мен тер» романында қаламгер Арал теңізі жанында тіршілік еткен қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін көрсетеді. Шығармада сол кезеңдегі орыс басқыншылығы, бай мен кедей арасындағы тап күресі, әйел теңсіздігі көрініс табады. Ал, жергілікті жазушы Жақсылық Рахматулланың «Меңсұлу» прозасында адамдар арасындағы ар безбенімен өлшенетін адамдық келбет пен қасиет, мәңгілік сұлулыққа іңкәрлік, жақсылыққа құштарлық ерекше бейнеленген. Кітапты терең түсініп оқыса сотталғандардың жақсы жағынан өзгеретіні сөзсіз,-деді ЗК-169/5 мекемесі бастығының орынбасары әділет подполковнигі Жалғасбай Есмаханов.