Полиция қызметінің қатарында заңды тәртіпті қатаң қадағалап, азаматтардың құқықтарын қорғап, қызметін адал атқарып, еңбегі еленіп жүрген тәртіп сақшылары аз емес. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «Полиция тәртіп сақшысы екенін сөз жүзінде емес, іс жүзінде дәлелдей білуге тиіс», – деді. Осы анықтау саласының ауыр жүгін арқалап, халықтың сенімін биік қойған, жүктелген міндетін адал атқарып жүрген полиция қызметкерінің бірі – Қызылорда қалалық Полиция басқармасының анықтаушысы, полиция аға лейтенанты Балатай Нұрлыбек Қабланбекұлы.
Бұлай айтуымызға себеп Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығының атына жергілікті тұрғын Қаржауов Асқарбек анықтаушыға алғысын білдіріп хат қалдырған болатын.
16 ақпан күні сағат 10:30 шамасында автокөлігінен жолаушы түсіп кеткен соң ұялы телефонын белгісіз адам ұрлап кеткендігі жайында Полиция басқармасына арызданған.
Полиция басқармасының анықтаушысы, полиция аға лейтенанты Нұрлыбек Қабланбекұлы қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп, кәсібилігінің арқасында жедел түрде 2 сағаттың ішінде жәбірленушіге ұялы телефоны қайтарылды.
Өз кезегінде қала тұрғыны Қаржауов Асқарбек Қызылорда қалалық Полиция басқармасының басшылығына және анықтау бөлімінің аға анықтаушысы Нұрлыбек Қабланбекұлына кәсібилігінің арқасында өзінің жұмысын тиянақты әрі жоғары деңгейде орындағаны үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта жұмыстарына табыс тіледі.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі