«Қайырымдылық – қайырлы іс, үлкен-кішіге үлгілі етерлік жақсы амал. Осынау мәнді де мағыналы ұғымды жұмыстарына арқау еткен Қызылорда облысы Полиция департаментінің Сырдария аудандық полиция бөлімінің тергеушілері мұқтаж отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті» дейді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре.
Қайырымдылық іс-шарасына аудандық полиция бөлімінің тергеу және анықтау бөлімшелері қатысты.
«Қолдан келсе, мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіп, қолдау білдіріп келеміз. Бүгінде жақсы амалды жүзеге асырып жатырмыз. Әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасы үшін тұрмысқа қажетті азық-түлік пен тәттілер алдық. Мұндай игі жұмыстарды бұрын да ұйымдастырғанбыз және алдағы уақытта да жалғастыратын боламыз» дейді полицейлер. Аудандық полиция бөлімінің тергеушілері мен анықтаушылары қайырымдылық іс-шараларына белсене атсалысып келеді.
Өз кезегіде көпбалалы ана аудандық полиция бөлімінің тергеушілеріне шынайы ризашылығын білдіріп, аналық алғысын айтты.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі