12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мекемеде «Қақпа алдында кездесу» шарасы өтті

Жазатайым немесе қасақана жағдайда қылмысқа барып, жазаға тартылған сотталған азаматтардың жаза мерзімін толық өтеп, темір тордан босатылғаннан кейін бостандықтағы өмірге сіңісіп, қоғамға қайта бейімделіп кетуі үшін «Қақпа алдында кездесу» жобасының маңызы зор.
Жоба аясында Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінде жаза мерзімі аяқталған азаматтарға «Қақпа алдында кездесу» ұйымдастырылып, оған түрлі сала өкілдері шақырылды. Атап айтсақ, қалалық жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің маманы Б.Арыстанов, қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының бас маманы Ғ.Оразбеков, қалалық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Р.Сыздықов қатысты.
Жоба аясында мамандар әлеуметтік байланыстарды орнату, кәсіби білім алу, біліктілігін арттыру, жұмыспен қамту, кепілді медициналық көмегін алу, құқықтық көмек, құжаттарын қайта қалпына келтіру бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіп, кеңестер берді. Пробация қызметі, жұмыспен қамту орталықтарының мамандары бұл азаматтармен тығыз байланыста жұмыс істейтінін жеткізді.
«Мен абайсызда қылмыс жасап сотты болдым. Бүгінде жазамды толық өтеп, мекемеден босатылғалы жатырмын. Мамандардан сұрағыма нақты жауап алдым. Түзеу мекемесінен шыққан адам қайда барарын білмей, кімнен көмек сұрарын білмей абдырап жатады. Міне, бүгін сала мамандары әр түрлі көмек түрлерін кімнен қалай алуымыз керек екендіктерін түсіндірді. Бізді сотталған азамат деп бөлмей қоғамға тез бейімделіп кетуіміз үшін беріліп жатқан көмектерге ризамын. Мекеме әкімшілігіне және сала мамандарына алғысым шексіз»,- деді босатылушы азамат.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...