12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ынтымақ бар жерде ырыс жүреді

Әкімшілік әділет туралы заңда атап көрсетілгендей, мамандандырылған әкімшілік соттар азаматтар мен кәсіпкерлердің әкімшілік органға қарсы жазған арыздарын қарап, шешім шығарады. Сот процесінде әкімшілік сот судьясының құзыреті кеңейтілді. Ендігі жерде, судья арызда қойылған талап шеңберінен шығып, нақты дәлелдер жеткіліксіз болған жағдайда, әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, арыздарымен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен ғана шектеліп қоймай, істің анық-қанығына жету үшін қосымша деректерді сұратып, зерттеу мүмкіндігіне ие болды.

Істі қарау барысында берілген арыз­да заң нормалары дұрыс көрсетілмесе, талапкердің талабы дұрыс қойылмаса, судья арыз иесіне заң аясында қолғабыс беріп, соған сәйкес арыз иесі талабын нақтылап, қажетті деректермен толтырып, өзгерте алады. Сонымен бірге, процесс барысында судья істің кейбір фактілері бойынша шешім шыққанға дейін әкімшілік істің нақты және заңды тұстарына жататын құқықтық негіздемелер бойынша алдын ала өзінің пікірін айтуға толықтай құқылы екендігін атап өткен жөн. Егерде әкімшілік орган өз шешімінің дұрыс еместігіне көзжеткізсе, өзара кеңесіп, сот шешімін күтпей, талап қоюшымен бітімгершілік келісімге келу мүмкіндігі бар. Сол сияқты, істі қарау барысында тараптар тәртіпті бұзып, сот талабын орындамаған жағдайда, істі жүргізуші судьяның ескерту жасауына, оған құлақ аспаған жағдайда тәртіп бұзушыны сот залынан шығарып жіберуге, басқалай жағдайда оған ақшалай айыппұл салуға құқылы. Түрлі, дәлелсіз себептерді көлденең тартып әкімшілік орган өкілі сот процесіне қатыспаса, іске қатысты құжаттарды уақытылы тапсырмаса онда судья оған айыппұл сала алады, егерде мұндай әрекеттер тағы да қайталанатын болса, айыппұл да қайта салынатынын ескерген жөн.
Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан «Дау мұраты – біту» деген қанатты сөзі тегіннен-тегін айтылмаса керек. Сәл нәрседен туындаған дауды ушықтырмай, бітімгершілік жолымен шешу қағидаты әкімшілік әділет институтының ең үлкен жетістігі екендігі даусыз. Жаңа заң талаптарына сәйкес ӘРПК жеке адам не заңды тұлғамен мемлекеттік органға татуласуға тыйым салынған шектеуді алып тастады. Ендігі жерде екі жақ өзара түсінісіп, бітімгершілік келісімге келген жағдайда іс татуласумен аяқталады. Тараптардың көңілінен шығатын медия­циялық келісім бекітіліп, сот шешімі орындалған соң әкімшілік орган ол жөнінде сотқа хабарлауға тиісті. Сот шешімінің орындалуын қамтамасыз ететін судьяның өзі болып табылады. Бітімгершілік шарты орындалмаған жағдайда кінәлі басшыға айыппұл салады.
Жыл басынан бастап біздің Атырау обылысының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралған істердің 90 пайыздан астамы бітімгершілікпен аяқталды.Соттың мақсаты кінәлілерді жазаға тарту емес, оларды медиация тәсілін қолдана отырып татуластыру. Кез келген дауды тараптардың көңілінен шығатындай етіп шешім қабылдау. Данагөй қарияларымыздың: «Ынтымақ жүрген жерде – ырыс жүреді» деген қанатты қағидаты бізді қашанда тату, ынтымақта болуға шақырады. Ол үшін ауызбірлікте, түсіністікте болған дұрыс. Алда-жалда сотқа жүгінген жағдайда келіспеушілікті бітімгершілікпен шешкен дұрыс деп есептеймін.
«Сот төрелігінің 7 түйіні» сот төрелігінің қолжетімділігімен қоса, қоғам алдындағы ашықтығы мен жария­лылығын арттыра түсті. Жеке адамның құқығы мен қоғамдағы құқық әрдайым тығыз байланысты екендігі баршамызға аян. Еліміздің Ата Заңында адамның бостандығы мен құқықтарына арнаулы бөлім қарастырылып, бұл мәселені жан-жақты дамыту, жақсарту мемлекеттік міндет деп нақтыланды. Қоғам дамып, өркендеген сайын құқық та, бостандық та, адамдардың еркіндігі де нығайып жақсарады.

Гүлназ Салықова,
Атырау облысы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...