«Профилактикалық бақылау» жедел- алдын алу шаралары

Солтүстік Қазақстан облысында 2022 жылдың ақпан айының 07-нен бастап ақпан айының 13-не дейін «Профилактикалық бақылау» атты жедел алдын алу шаралары жүргізілуде. Осыған орай СҚО бойынша ҚАЖД Ғ. Мүсірепов ат. аудандық Пробация қызмет бөлімімен жергілікті полиция қызмет бөлімімен бірге пробация есебінде тұратын сотталғандардың мекен-жайлары және жұмыс орындары тексерілді.

Тексеріс барысында сотталғандармен және оларға оң тәрбие беретін туыстарымен тәрбиелік- алдын алу әңгімелесулері жүргізілді. Сотталғандарды мекен-жайлары бойынша тексеру барысында олардың қазіргі уақытта тұрып жатқан тіркеу орындары және тұрып жатқан үйлерінің сәйкестігі тексерілді.

Сотталғандарды тұрғылықты мекен- жайлары мен жұмыс орындары бойынша тексеру кезінде жаңа қылмыс жасауға және жазаны өтеу шарттары мен тәртібін бұзуға бейім сотталғандарға аса назар аударылды. Бұл іс- шараларды пробация қызметінің қызметкерлері қолданыстағы Қылмыстық-атқару заңнамасының қағидаларын қатаң сақтай отырып өткізіледі.

СҚО бойынша ҚАЖД

Ғ. Мүсірепов ат. аудандық ПҚБ

ювеналдық тобының инспекторы

әділет лейтенанты Д.Р. Белялова

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...