Ағымдағы жылдың 8 ақпан күні Қызылорда облысы Шиелі ауданының орталық көшелерінің бірінде жүк автокөлігі патрульдік полиция қызметкерлерімен тоқтатылған. Тексеру барысында көліктің жүк салғышынан кесілген сексеуіл ағашы анықталған. Сексеуіл отынының мөлшерін анықтау мақсатында сот-биологиялық сараптама тағайындалып, құжаттар жинақталуда. Аталған дерек бойынша жүргізушіге Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 389-бабы (Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау)) бойынша әкімшілік хаттама рәсімделді.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі