Қоғамдық комиссиялар ақиқатты ашуға атсалысуда

Елдегі қаңтар трагедиясынан кейін оқиғаның себебі мен салдарын зерттеп, зерделеу мақсатында бірнеше қоғамдық комиссия құрылған еді. Бүгінгі таңда комиссия мүшелері қаңтардағы қасіретті оқиғаның ақиқатын ашуға, жәбір көрген, азапталған азаматтардың аты-жөнін анықтап, оларға құқық­тық көмектер көрсетуге, әділетсіз айыпталып, негізсіз қудалауға ілініп кеткендерді арашалауға белсене кірісіп кетті.

«Ақиқат» қоғамдық комиссиясына белгілі заңгер, құқық қорғаушы Айман Омарова жетекшілік етсе, «Аманат» ұйымын заңгер, адвокат Абзал Құспан басқарады. Екі комиссияның да құрамына белгілі құқық қорғаушылар, қоғам белсенділері мен қылмыстық іс жүргізу бойынша маманданған заңгерлер енген.
«Біз тәуелсіз қоғамдық комиссиямыз. Комиссия тек жәбірленушілерді, полицияны, соққыға жығылғандарды ғана тексеріп, зерттемейді. Қазақстанда неге осындай қанды оқиға болды? Осыған баса назар аударамыз. Түгел зерттейміз. Комиссия құрамында қорғаушылар болады, олардың барлығы тәжірибелі, қылмыстық істі қарайтын қорғаушылар. Комиссия мүшелерінің тізімі бар. Бірақ, олардың кім екенін қауіпсіздік үшін жарияламаймыз», – дейді Айман Омарова.
«Аманат» комиссиясы қайда, не істеп жатыр дерсіздер, олай деуге толық құқылысыздар. Біз Талдықорған қаласынан кейін Таразда жұмыс істеп, кеше Шымкент қаласына келдік. Талдықорғанда біз босатуды ұсынған 9 кәмелетке толмаған балаларды босатқанын естіп, қуанып қалдық.
Біздің ықпалымызбен босаған адамдардың жалпы саны 100-ге жуықтаған болуы керек, қазір тізімді қарап, ретке келтіруге де мұршамыз болмай кетті.
«Семей, Өскемен жағында біздің бір өкіліміз Ерлан Калиевтің жұмыс істеп жатқанына бір аптадай болды. Бүгін ол жақтан да жағымды жаңалықтар болып қалады деп отырмыз. Біздің тарапымыздан тек жекелеген адамдарды босату бағытында ғана емес, республикалық органдарға нақты ұсыныстар мен аналитикалық материалдар да жолдануда. Сәл қолымыз қалт еткенде ол жұмыстарымыз туралы да хабардар ететін боламыз» – дейді заңгер Абзал Құспан.
«Ақиқат» қоғамдық сараптау комиссиясы да азаматтардың құқығының бұзылмауын бақылау, анықтау мақсатында үздіксіз жұмыс істеуде. Комиссия өздерінің жұмыс нәтижелерін әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлер, БАҚ материалдары негізінде жариялап, қоғаммен тығыз қарым-қатынас жасап отыр. Мәселен, 9 ақпан күні комиссия жетекшісі көпшілік алдына тікелей эфирге шығып, Алматы қаласындағы тергеу изоляторында отырған үш студенттің жайы мен Алматы қаласы, одан бөлек өзге облыстардағы прокуратура қызметкерлерінің жұмыстары жайлы баяндады. «Комиссия Алматыдағы ЛА155/18 тергеу изоляторында отырған үш студенттің митингіге мәжбүрлі түрде біреулердің күштеуімен қатысқанын анықтады. Бұл жерде мәжбүрлі экстремизм болуы мүмкін. Прокуратура олардың ата-аналарына қоғамдық қорғаушы ретінде қатысуға рұқсат беріпті. Біз жедел шешім қабылдаған прокуратура өкілдеріне өз тарапымыздан рақмет айтамыз. Енді біз оларға қатысты бұлтартпау шараларын өзгертулерін сұраймыз, оларды үйқамаққа шығарса дейміз. Соттың қалай шешілетіні әлі белгісіз. Бұл мәселе прокуратурада қарастырылып жатыр, ол туралы мәліметті біз алдағы уақытта тағы қосымша хабарлаймыз.
Қарапайым халық тарапынан прокуратураға қатысты шағым, өтініш, талап-тілектер көп. Әсіресе, Семей, Өскемен, Шымкент қалала­ры мен Жамбыл, Атырау облыстарының прокуратуралары жұмыс істемей жатыр деп жылап жатқан халық көп. Біз Бас прокурордан осы жағдайларға назар аударуын сұраймыз, – дейді. Одан бөлек, комиссия Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілдерімен кездескен.
Билік, мемлекеттік басқару, жер­гілікті атқарушы билік тарапына қатысты қоғамдық наразы көңіл-күйдің көптігі жасырын емес. Сол себепті де, ол жағдайлардың әр­қайсысының себеп салдарын анықтап, ашық диалог алаңында пікірлесу маңызды. Бұл міндетті бүгін аталмыш комиссиялар абыроймен атқаруда.

Жадыра Құдайберген

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Тойға немесе туған күнге берілетін ақшалай аударымдардан салық төлеу қажет пе? – Кірістер комитеті түсіндірді 

Туған күнге, тойға немесе сыйлық ретінде жасалатын ақшалай аударымдарға салық салынбайды.

Қазақстанда жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметі бірнеше күнге тоқтады

Қазақстанда 23 қазан мен 27 қазан аралығында жылжымайтын мүлік тіркеуге және нысандарды техникалық тексеруге өтініш беру тоқтады.

Қазақстанда мерзімді әскери қызмет екі кезеңге бөлінуі мүмкін

Қазақстанда мерзімді әскери қызметті екі кезеңнен тұратын жүйеге көшіру жоспарланып отыр.