ШҚО бойынша ҚАЖД Жарма аудандық №2 пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың және қылмыстың қайталануын алдын-алу бойынша полиция бөліністерінің және пробация қызметтерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында 2022 жылғы ақпан айының 07-13 аралығында республикалық «Профилактиқалық бақылау» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Осы ЖПІШ өткізілу барысында Жарма аудандық АПБ-нің учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен бірлесіп есепте тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталғандардың тұрғылықты жерлерінен, жұмыс орындарынан тексеріп, құқықтық тәртіпті бұзуға жол бермеу мақсатында сотталғандардың туыстарымен , оларға ықпал жасай алатын адамдармен қылмыстың алдын алу жұмыстары жөнінде профилактикалық сұхбаттар жүргізіліп, әңгіме барысында қайталама қылмыстар жасамау және қоғамдық тәртіпті бұзбау туралы айтылып, ескертілуде.
ШҚО бойынша ҚАЖД Жарма аудандық №2 ПҚ аға инспекторы әділет капитаны Р.М.Абдулгазинов