Тоқаев елдегі бүкіл майнинг компанияларын анықтауды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда майнингке салынатын салықты арттыруды және тексеруді тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Криптовалюта өндірісінің әлеуметтік-экономикалық әсері аз. Жаппай жұмыс орындары құрылмайды, нақты өнім жоқ. Сонымен қатар, бұл сала электр энергиясын бірнеше облыс сияқты пайдаланады. Кейбір жосықсыз криптовалюта өндірушілер халыққа берілетін тарифтерден төмен тарифтерді пайдаланады. Импорттық жабдыққа салықтар мен баж салығы төленбейді. Ең бастысы, бұрынғы ресурстарды сарқып, ақша тауып жатыр», — деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы Қаржы мониторингі агенттігіне жағдайды жан-жақты қарауды тапсырды.

«Барлық криптовалюта өндірушісін анықтап, салық және кеден мәселелерін тексеріп, техникалық келісімшарттарды, сондай-ақ қызметтің басқа да аспектілерін мұқият зерделеу қажет. 19 наурызға дейін есеп беруді тапсырамын», — деді Мемлекет басшысы.

Бұл ретте Тоқаев мемлекет заңды майнингке қарсы емес екенін баса айтты.

«Бірақ бұл салада жұмыс істегісі келетіндердің тиісті лицензиясы болуы, сәйкес тариф бойынша электр қуатын алуы, кірістерін декларациялауы және салық төлеуі, жасыл энергетика жобаларын іске қосуы керек», — деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, ол криптовалюта өндіру салығы өсетінін мәлімдеді.

«Қазіргі мөлшерлеме – электр қуатының бір киловатына 1 теңге — мардымсыз. Үкіметке бұл салықты тез арада еселеп көтеруді пысықтауды тапсырамын. Үкіметке цифрлық майнинг жұмысын реттеу және дамыту бойынша толыққанды шешімдер пакетін әзірлеу керек. Нәтижесін 1 сәуірге дейін күтемін», — деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Қазақстанда 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап цифрлық майнингке салық енгізілген болатын.

БАҚ мәліметінше, Қазақстан криптовалюта өндіруден әлемде АҚШ-тан кейін екінші орында тұр.

Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына дайын екенін мәлімдеді 

Қазақстанның саяси партиялары Президенттің Құрылтай сайлауын 2026 жылғы 23 тамызға белгілеу туралы Жарлығына қол қойылғаннан кейін ресми мәлімдемелер жасап, алдағы сайлау науқанына толық дайын екендерін жеткізді.

На пути масштабных политических реформ

УХОДЯЩАЯ НЕДЕЛЯ СТАЛА ОДНОЙ ИЗ НАИБОЛЕЕ ЗНАЧИМЫХ В СОВРЕМЕННОЙ ПОЛИТИКО-ПРАВОВОЙ ИСТОРИИ КАЗАХСТАНА. СРАЗУ НЕСКОЛЬКО СОБЫТИЙ, ВЗАИМОСВЯЗАННЫХ МЕЖДУ СОБОЙ, ОЗНАМЕНОВАЛИ ЗАВЕРШЕНИЕ МАСШТАБНОГО ЭТАПА КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЫ И НАЧАЛО ФОРМИРОВАНИЯ НОВОЙ МОДЕЛИ ГОСУДАРСТВЕННОГО УПРАВЛЕНИЯ.

Докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды

3 шілдеде докторантураға түсу емтиханына (ДТЕ) қатысуға өтініш қабылдау басталады. Ол 2026 жылдың 3 тамызына дейін жалғасады. Емтиханның өзі 4-20 тамыз аралығында өтеді.

Испания Португалиямен кездеседі: Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалындағы жұптар белгілі болды 

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалындағы матчтар аяқталғаннан кейін 1/8 финалдың алты жұбы анықталды.

Ресейдегі жанармай тапшылығы Қазақстан үшін дағдарыс туғызбайды – сарапшы 

Шекара маңында жанармайдың заңсыз тасымалы күшейе ме? Елдің ішкі нарығында тапшылық қаупі бар ма?