12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мүмкіндігі шектеулі жандар мәртебесін айқындау маңызды

Мүмкіндігі шектеулі жандар ерекше қорғауды, айрықша көңіл бөлуді қажет етеді. Біздің мемлекетімізде ол үшін құқықтық жағдай толық жасалған. Тек соның орындалуы ойдан шықпайды. Былтырғы статистика бойынша Қазақстанда 705 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның жүз мыңға жуығы кәмелетке толмағандар. Яғни, елімізде осынша адам мемлекеттің қолдауына мұқтаж. Бүгінде мүгедектер құқығы «Қазақстан Республикасы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңы шеңберінде қорғалады. Сондай-ақ, мүгедек адамдардың құқықтарын қам­тамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспары бекітілген.
Әрине, мемлекет тарапынан жәрдем­ақылар мен өтемақылар төлеу жолға қойылған. Мұнымен бірге, оларды сауықтыру, қоғамға бейімдеу, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кірумен қамтамасыз ету де басты орында. Бірақ басқа күрделі мәселелерді айтпағанда, мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік нысандарға кіріп, шығуы толық ескерілмеген. Жаңа ғимараттарда болмаса, бұрын салынған ғимараттарда пандустар жасалмаған. Ал құзырлы орындардан айыппұл арқаламас үшін жасалған пандустардың көбінен көзбояушылық байқалады. Арзан, сапасыз материалдардан жасалған пандустармен қыстың күні қозғалу мүмкін емес. Жылтырап, тайғанап тұратын бұл материалдар мүмкіндігі шектеу­лі жандарды керісінше мертіктіруі мүмкін. Сондай-ақ, кемтар жандарға көшелерден өту де оңай шаруа емес. Жер асты өткелдерінен өту мәселелері шешілгенмен, жер үсті өткелдерінен өту өте қиын. Осы өткелдерде лифт бар деп мәлімделгенмен, солардың көпшілігі жарамсыз. Мұндай атүсті шаруалар мүгедектер ұйымы, азаматтық белсенділер мәселе көтергенде ғана оң шешіліп жатады. Сондықтан, онсыз да өмірден теперіш көріп жүрген жандар қиындыққа тап болмас үшін өзіміз көрген, куә болған мәселелерді жылы жауып қоймай, оңтайлы шешілуіне атсалысқанымыз абзал.
Кемтар жандар ақпарат пен білім алуға, кез келген қызмет түрін еркін таңдауға, тегін медициналық көмектің кепілденген көлеміне ие болуға құқылы. Алайда бұл мәселеде де түйт­кіл жетерлік. Айталық, қазір ақпарат заманы дейміз. Бірақ жалпы жұртқа бағытталған бұқаралық ақпарат құралдарының кейбірінде болмаса, көпшілігінде көзі нашар көретіндерге арналған қосымша мүмкіндіктер қарастырылмаған. Өз құқығын білмегендіктен зағип жандар мұны айтып, құзырлы орындарға шағымдана бермейді. Бұған қоса, кемтарлардың жұмысқа орналасуы да қиямет. «Қазақстан Республикасы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес, бірінші және екінші топтағы мүгедектер үшін аптасына отыз алты сағаттан көп емес жұмыс уақытының қысқартылған түрі қамтамасыз етіліп, жыл сайын қосымша он бес жұмыс күніне дейін созылатын ақы төленетін демалыс берілетіні көрсетілген. Бірақ жанашырлықтан гөрі, табысын еселеуді ғана ойлайтын жұмыс берушілер заңдағы бұл талаптарды ескере бермейді. Мемлекеттен берілетін жәрдемақы жетпеген соң қосымша табыс көзін іздейтін кемтар жандар амалсыздан жұмыс берушілердің шартымен келісуге мәжбүр. Олар қолда бар жұмыс­тан ажырап қалмас үшін еңбек келісімшартындағы кейбір заңсыздықтарға көз жұма қарап, өз құқығын қорғауға ынта таныта бермейді. Қазақстан мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Ол үшін кәсіпкерлер мүмкіндігі шектеу­лі азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмектесуі тиіс.
Бұл әрине мемлекет тарапынан атқарылуы, ескерілуі керек шаралар. Одан бөлек жалпы, қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандарға деген көзқарасты өзгерту маңызды. Бізде кемтар жандарды кемсіту, қоғамдық орындарда елемеу әлі де жиі кездеседі. Өз ортасынан адами қолдау көрмесе де, кейде заңсыздыққа тап болса да кемтар жандар ол үшін шағымданып жатпайды. Осыған орай қоғамда мүгедектерге деген көзқарасты өзгерту кезек күттірмейді.

Назкен Баймаханова,
Жетісу аудандық сотының судьясы
Алматы қаласы

Результативность работы госслужащих – следствие  эффективного планирования рабочего времени

Защита прав государственных служащих - важное направление деятельности Агентства...

«Электронды сот төрелігінің тиімділігі»

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Какие меры принимаются для защиты прав детей при разводах – судья Кымбат Комиртасова

При рассмотрении дел о расторжении брака судами принимаются определенные...