12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жеке сот орындаушыларға шағым неге көп?

Маңғыстау облыстық сотының ұйымдастыруымен «Атқарушылық іс жүргізу барысында туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған судьялар мен прокурорлар, құқық қорғау органдарының басшылары мен сот орындаушылары қатысты.

Жиынның модераторы Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Исатай Сматов кіріспе сөзінде әкімшілік соттар құрылғалы бері азаматтар тарапынан жеке және мемлекеттік сот орындаушыларының әрекеттеріне не әрекетсіздігіне шағымданушылар саны да, сотта қаралған істер де көп екенін атап айтты.
«Өткен жылдың соңғы алты айында әкімшілік сотқа барлығы 348 әкімшілік іс түссе, оның үштен бірі, яғни 111-і сот орындаушыларға қатысты болған. Сотқа келген азаматтар сот орындаушыларының аумақтық палатасына емес, бірден сотқа жүгінетіндіктен, ай сайын сот орындаушыларының әрекетіне қатысты даулар көбейіп барады», – деген И.Сматов аталған санаттағы даулардың мәні мен негізіне тоқталды.
Жиында Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Мұхит Мұқашев, облыс прокурорының аға көмекшісі Мұхтар Ажибаев, Әділет департаменті басшысының орынбасары Айзат Тіленбай, Сот орындаушыларының аумақтық палатасының тәртіптік комиссия төрағасы Ерлан Шоханов, жеке сот орындаушыларының аумақтық палатасының басшысы Бекнұр Бисенгалиев сөз алды.
Мұхит Мұқашев істерді сотта қарау барысында сот орындаушыларының атына көп дау айтылғанымен, көбін сотқа жетпей шешуге болатынын, сот ұсынысымен көптеген даудың медиативтік келісім арқылы аяқталып жатқанын айтты. Ал, Ерлан Шоханов жеке сот орындаушылары тәртіптік жауапкершілікке тартылған жағдайда, оларға ескерту, сөгіс не лицензиясының қолданылуын тоқтата отырып, палатадан шығару қарастырылғанын атап өтті. «Көп жағдайда азаматтар жеке сот орындаушыларының дұрыс емес, әдепсіз, әділетсіз әрекеттеріне шағымданады. Бүгінде Маңғыстауда 83 жеке сот орындаушысы бар, 2021 жылы 32 тәртіптік комиссия отырысы өткізіліп, 54 жеке сот орындаушысы жауапкершілікке тартылды», – деді тәртіптік комиссия төрағасы.
Прокуратура тарапынан былтыр облыстағы сот орындаушылар әрекетіне қатысты 432 арыз-шағым қаралған. Оның ішінде еңбекақыны және алиментті өндіріп алу туралы материалдар бойынша арыз-шағым көп. Прокурорлық тексеру барысында сот орындау­шыларының тарапынан борышкерді уақытылы жұмысқа орналастырмау, борышкердің мүліктік жағдайын, соның ішінде жұмысқа орналасқаны туралы арнайы базаны уақытылы тексермеу, борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тарту жұмыстарының әлсіздігі көптеп кездесетіні анықталған.
Облыстық сотта өткен дөңгелек үстел басында ашық диалог құрылып, әркім нақты мәселелер бойынша ой-пікірі мен тәжірибесін ортаға салды. Жиын қорытындысы бойынша хаттамалық шешім дайындалды.

Гауһар Нұрханова,
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...