Қазақстанда балаларға арналған тегін ұшақ билеті бәріне бірдей берілмейді

Биыл тек 20 000 бала тегін демалыс рейсін пайдалана алады. 1 қаңтардан бастап Қазақстанда енгізілген жаңа ережелер жұртшылықты бір қуантты. Бірақ, белгілі болғандай, қуануға әлі ерте. «Kids go free» жобасының белгілі бір шарттары бар. Бұл туралы “Евразия бірінші” арнасы хабарлайды.

«Kids go free» жобасы 2019 жылы қолға алынғаны белгілі. Балалар ұшақпен тегін ұшады деп қуантты. Алайда жұрт ойлағандай барлық балаға тегін ұшақта ұшу билеті берілмейді. Тек 2 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға туристік агенттіктен туристік пакет сатып алған жағдайда тегін болмақ. Туристік пакетке жатар орны, тамақтану, экскурсиясы кіру керек. Ал туристік агенттікке соманы мемлекет өтейді. 

“Бұл жоба ең бірінші кезекте туризмді дамыту мақсатында қолға алынды. Сондықтан тек туристік пакет алған жағдайда ғана балалар тегін ұша алады. Басқа жағдайда мүмкіндік жоқ”, – деді “KAZAKH TOURISM” ҰК басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов.

Жоба жайлы естіген жұрт туристік агенттіктерге хабарласып, кезек алғысы келеді. Алайда оның қандай шарттары бар екенінен бейхабар.

Бұл жобаға барлық туристік агенттіктер де қатыса алмайды. Тек сыртқы және ішкі туризмге лицензиясы барлар ғана қатысады.

Биыл «Kids go free» жобасына 358 000 миллион теңге бөлінді. Есеп бойынша бұл тек 20 мың қазақстандық баланың шығынын өтей алады. Ал біздің елде балалардың саны 2 миллионға жуық. 

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.