12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Су мәселесі экономикалық дамуды тежеуі мүмкін

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында су шаруашылығының жай-күйіне қатысты брифинг өткізген Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов су шаруашылығының қазіргі жағдайы туралы есеп берді. Оның айтуынша, еліміздегі жалпы суармалы судың 97 пайызы Арал-Сырдария, Шу-Талас және Балқаш-­Алакөл бассейндеріне тиесілі. Су тасқыны қаупі басым бассейндерге Есіл, Нұра-Сарысу, Ертіс және Тобыл-Торғай жатады.

Қазақстан бассейндеріндегі су қоймаларында жиналған судың көлемі биыл өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмен болып тұр. Ең қиын жағдай Арал-Сырдария бассейнінде болады деп күтілуде. Ондағы Тоқтоғұл су қоймасында (Қырғыз Республикасы) 1 млрд 672 млн мᶟ, Бахри-Точик су қоймасында (Тәжікстан Республикасы) 29 млн мᶟ, Шардара су қоймасында 545 млн мᶟ, ал Көксарай контрреттегішінде 20 еседен астам аз. Балқаш-Алакөл бассейніндегі Қапшағай су қоймасы мен Балқаш көліндегі су өткен жылғы деңгейге жуықтайды. Шу-Талас бассейніндегі Киров су қоймасында (Қырғыз Республикасы) 38,4 млн мᶟ, Шу өзеніндегі Тасөткел су қоймасында 64,7 млн мᶟ артық. Ал Ортотокой су қоймасында (Қырғыз Республикасы) 113 млн мᶟ аз.
Климаттың өзгеруі, сондай-ақ су шаруашы­лығындағы қордаланған мәселелер республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын тежеуші факторға айналуы мүмкін. 2030 жылға қарай су ресурстарының тапшылығы қолданыстағы тұтыну деңгейінің 23% құрауы мүмкін деп болжануда деген министр республиканың су саласының негізгі проблемаларын атады. Олар: барлық суармалы алқаптардың 80% жуығы шоғырланған және барлық суармалы судың 97% пайдаланылатын елдің оңтүстік өңірлерінің трансшекаралық ағындарға тәуелділігі; су шаруашылығы инфрақұрылымының тозуы, суды бөлу және есепке алу процестерін автоматтандыру мен цифрландырудың әлсіздігі. Соның салдарынан тасымалдау кезінде суармалы судың 40% жуығы жоғалады; суды үнемдеудің және су ресурстарын ұтымды пайдаланудың пәрменді тетіктерінің болмауынан суды пайдалану тиімділігінің төмендігі; су ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауды нашар бақылау; ғылыми сүйемелдеудің және жоғары білікті кадрлардың болмауы пәрменді шаралар қабылдауға мүмкіндік бермейді.
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрінің сөзіне қарағанда су саласындағы ахуалды жақсарту үшін мынадай шаралар қабылдау қажет. Бірінші, мемлекетаралық өзара қарым-қатынастардың аса маңызды мәселелері бойынша шешімдер әзірлеу үшін келіссөздер процестеріндегі Қазақстанның ұстанымын күшейту үшін ҚР Премьер-Министрінің басшылығымен су кеңесін құру. Оның негізгі міндеті сыртқы су саясатын әзірлеу барысында Үкіметтің барлық құрамының іс-қимылын үйлестіру. Екінші, су ресурстары комитеті мен оның бассейндік инспекцияларын күшейту. Үшінші, «Қазсушар» РМК-ны су ресурстары комитетінен су шаруашылығы инфрақұрылымын салу және реконс­трукциялау бойынша тапсырыс берушінің функцияларын бере отырып, акционерлік қоғам етіп қайта ұйымдас­тыру. Ол су ресурстарын басқару және суға деген сұраныс, су үнемдеу және суды пайдалану тиімділігін арттыруды шоғырландыруға және мемлекеттік бюджетке жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.Төртінші, су ресурстарын басқарудағы ғылымның рөлін және мамандардың кадрлық әлеуетін арттыру. Осы міндетті іске асыру министрлікке қарасты Қазақ су шаруашылығы ғылыми институтының (ҚазҚСҒЗИ) жанында Ақпараттық-талдау орталығын аша отырып, оны күшейтуді көздейді. ҚазҚСҒЗИ-ды күшейту су ресурстарын басқаруды толыққанды ғылыми сүйемелдеуді, стратегиялық мақсаттарды іске асыруды, болжауды және тұжырымдауды, сондай-ақ суды ұтымды пайдалану мәселелерінде инновацияларды енгізу үшін ғылыми зерттеулерді үйлестіруді қамтамасыз етеді. Жүргізушілердің кадрлық әлеуетін жақсарту үшін орта буыннан (колледж), бакалаврлардан, магистрлерден және ғылым докторларынан мамандардың кең спектрін даярлаудың барлық сатылары шоғырланған Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жанынан мамандандырылған су ресурстары және су шаруашылығы институтын құру қажет. Сондай-ақ, су шаруашылығы саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру керек. Ұсынылған шешімдер су ресурстарын басқарудың біртұтас ұйымдық құрылымын құруға мүмкіндік беріп, ғылыми тұрғыда негізделген шешімдердің қабылданып, жүйені қажетті білікті кадрлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязовтың сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2021–2025 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы да әзірленіп, мемлекеттік органдарда келісуден өтуде. Тұжырымдаманың негізгі мақсаты елдің су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану проблемаларын шешу, экономика салалары мен қоршаған орта қажеттілігінің теңгерімін қамтамасыз ету болып табылады. Тұжырымдама су ресурстарын интеграцияланған басқару практикасын жақсарту және елді дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарында және 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарында айқындалған мақсаттарға, міндеттер мен тәсілдерге қол жеткізуге бағытталған су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін негіз болады деп жоспарлануда.

Ермек ӘБУОВ,
Қазақстан фермерлері қауымдастығы төрағасының орынбасары:

– Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі әзірлеп жатқан жаңа Су кодексі мен 2021–2025 жылдарға арналған су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобаларынан біз хабарсызбыз. Бұл туралы Қазақстан фермерлері қауымдастығына ресми түрде ешқандай хат келген жоқ. Сондықтан ешкім ұсыныс та сұраған жоқ. Министрлік өзіне қарасты қауымдастықтармен ғана талқылап жатқан шығар деп ойлаймын.
Жалпы, мұндай маңызды заңнамалық құжаттар қабылданар кезде оған қатысы бар барлық сала өкілдерінің ұсыныс-пікірлері ескерілуі қажет. Су шаруашылығы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне ғана емес, Ауыл шаруашылығы министрлігіне де қатысы бар сала ғой. Әдетте заңнамада қандай да бір өзгеріс болар кезде құзырлы министрліктер мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы тарапынан ұсыныс жасалып, оған қатысы бар барлық қоғамдық ұйымдар мен мекемелер өз тараптарынан сараптамалық қорытынды жасап ұсынатын. Бұл жолы жаңа кодекс пен тұжырымдама жобасының авторы болып отыр Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің көздеген мақсаты не екенін түсіне алмай отырмыз. Олардың бұл тірлігі тек «Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды» дегендей боп қалмаса екен.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Не попасть в финансовую западню

Широкое проникновение цифровых технологий в повседневную жизнь людей сопровождается...

Украина төңірегіндегі жағдай ушықты: Тоқаев тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдай ушығуына байланысты тапсырма берді.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЗЫҒЫ БОЛМАУЫ ТИІС

Қазақ халқының дәстүрінде қайырымдылық пен жомарттық ерекше орын алады. Жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпай, мұқтажға қол ұшын созу – ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі. Алайда соңғы уақытта қайырымдылық саласында орын алған кейбір келеңсіз оқиғалар осы түсініктерге қаяу түсірді.