Ғалымжан Пірматов ҚР Ұлттық банкінің төрағасы лауазымына тағайындалды

Сенат депутаттары Ұлттық банк төрағасы лауазымына Ғалымжан Пірматовтың кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конституцияға сәйкес Ұлттық банк төрағасының кандидатурасына келісім беру Сенаттың ерекше құзырына жатады.

«Конституцияға сәйкес, Президенттің Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады. Сенаттың келісімін алу үшін Президент палатаға тиісті ұсыным енгізді», — деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Өз кезегінде ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сенаттың қарауына келісім алу үшін Ұлттық банк төрағасы лауазымына үміткер ретінде Ғалымжан Пірматовты ұсынып отырғанын жеткізді.

Палата депутаттары аталған кандидатураға бірауыздан келісім берді.

Ғалымжан Олжайұлы Пірматов 1972 жылы туған. Новосібір мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша математик.

«Қазақстан халық банкі» АҚ-да қызмет етті. «БТА Банк» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, ал 2015-2017 жылдары Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды.

2018-2021 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Ерболат Досаев жақында Алматы қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.







Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Тойға немесе туған күнге берілетін ақшалай аударымдардан салық төлеу қажет пе? – Кірістер комитеті түсіндірді 

Туған күнге, тойға немесе сыйлық ретінде жасалатын ақшалай аударымдарға салық салынбайды.

Қазақстанда жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметі бірнеше күнге тоқтады

Қазақстанда 23 қазан мен 27 қазан аралығында жылжымайтын мүлік тіркеуге және нысандарды техникалық тексеруге өтініш беру тоқтады.

Қазақстанда мерзімді әскери қызмет екі кезеңге бөлінуі мүмкін

Қазақстанда мерзімді әскери қызметті екі кезеңнен тұратын жүйеге көшіру жоспарланып отыр.

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленді

Қазақстанда мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде 2026 жылдың басынан бері 10,8 мың мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасты.