Қазақстандағы орташа жалақы 275 мың теңгеден асты

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылдың төртінші тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 275 580 теңгені құрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі .


Бұл ретте атаулы жалақы индексі 2020 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 118,2%-ды, нақты – 108,7%-ды құрады.

Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы тау-кен өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда – 546,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден екі есе жоғары), қаржы және сақтандыру қызметінде – 520,7 мың теңге (1,9 есе), кәсіптік қызмет саласында тіркелді. Ғылыми-техникалық қызметке – 442 мың теңге (1,6 есе), ақпарат және коммуникация саласына – 370,1 мың теңге (тиісінше 1,3 есе).

Ауыл, орман және балық шаруашылығы салаларында орташа айлық атаулы жалақының төмен деңгейі тіркелді – 167,3 мың теңге және сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және бөлінуін бақылау – 169,1 мың теңге.

Өңірлер бойынша ең жоғары орташа айлық атаулы жалақы Атырау облысында байқалады – 420,4 мың теңге, бұл орташа республикалық деңгейден 1,5 есеге жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысында оның құны 203 мың теңгені құрап, республикалық көрсеткіштен 26,3 пайызға төмен көрсетті.

Қазақстандағы Құрылтай сайлауына халықаралық байқаушылар қандай баға берді? 

Орталық сайлау комиссиясының алаңында халықаралық байқаушылар Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауына баға берді.

Шетелдегі барлық сайлау учаскесі жұмысын аяқтады 

61 мемлекетте дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 9 623 адамды құрады.

Құрылтай сайлауы: Алғашқы exit poll нәтижелері жарияланды 

Еуразиялық интеграция институтының мәліметінше, exit poll Қазақстанның 20 өңіріндегі 200 сайлау учаскесінде жүргізілген.

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді 

Қаладағы медициналық ұйымдардың мәліметінше, жаңа туған нәрестелердің 14-і – ұл, 11-і – қыз.