12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алимент бойынша келісім түрі көбейді

«Отан отбасынан басталады» немесе «Отбасы шағын мемлекет» ұғымдары бекерден-бекер пайда болмаған. Өйткені, әрбір отбасы – отанымыздың тірегі. Өкініштісі, соңғы кездері шаңырағы шайқалып, екі жаққа кеткен ерлі-зайыптылар саны өсуде. Әрине, бұл жағдайдан тек екі адам ғана емес, бүкіл әулет, әсіресе, балалар зардап шегеді. Бұл жалпы қоғамды алаңдатарлық ең үлкен мәселе.

Сондықтан, елімізде жұбайларды жарастырып, отбасын сақтау, балалардың құқығын қорғау мақсатында түрлі шаралар заңдық тұрғыда қолға алынып жүзеге асуда. Мысалы, соттар ерлі-зайыптыларды ашу үстінде асығыс шешім қабылдамауға шақырып, азаматтық процестік кодекстің татуластыру рәсімдері аясында татуластыруға мүмкіндігінше тырысады. Заң шеңберінде ойлануға уақыт беріледі. Себебі, бала тәрбиесінде әкенің де, шешенің де тәрбиесі маңызды.

Биылғы жыл елімізде «Балалар жылы» деп жариялануы да бекер емес. Отбасылық-тұрмыстық дауларды сотқа дейін немесе сотта татуласу арқылы шешу ең бірінші бала мүддесін көздейді. Бұл тұрғыда Жоғарғы Сот тарапынан қолға алынған «Отбасылық сот» жобасы, татуластыру орталықтары, судья медиаторлардың ықпалы зор. Арнайы мамандар мен соттар отбасы және неке қатынастары саласындағы дауларда оның сақталуына үлесін қосуда.

Кәмелеттік жасқа жетпегендердің құқықтарын қорғау, алименттің толық және уақытылы төленуін қамтамасыз ету мақсатында биылдан бастап алименттерді өндіріп алу мен неке бұзуға қатысты заң рәсімдері толықтырылды. Яғни, ҚР Отбасы және неке (ерлі-зайыптылық) туралы заңының 158-бабы өзгертіліп, балалар құқығының жедел қорғалуы қамтамасыз етілді. Себебі, қоғамымызда өз перзенті алдындағы жауапкершіліктен қашатындар аз емес. Мысалы, ресми мәліметтер өткен жылы елімізде сот бұйрығы бойынша мәжбүрлі түрде алимент төлеуге міндеттелген ата-аналар санының 38000-ға артқанын көрсетіп отыр. Бұл көрсеткіштен соттарға түсетін талап арыздың аз еместігін байқауға болады.

Отбасы және неке (ерлі-зайыптылық) туралы кодекспен алимент бойынша келісім жасауға нотариустармен қатар, медиаторлар, адвокаттар, заң консультанттары палатасының мүшелеріне де құзырет берілді. Нақты айтсақ, енді соттан тыс тәртіппен жасалған алимент төлеу туралы келісімдерді нотариус – алимент төлеу туралы келісім; 2) медиатор – дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім; 3) адвокаттар, заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын тұлғалар – партисипативтік рәсім тәртібімен алимент төлеу туралы дауды реттеу туралы келісім арқылы жазбаша түрде жасайды. Ата-аналар мен балалардың арасында туындайтын ең өткір сұрақтардың бірі – осы алимент төлеу болғандықтан, бұл өзгеріс балалардың өздеріне тиесілі көмекке қолжеткізу мүмкіндігін арттырады.

Осы тұста алимент жайлы тоқталсақ, бұл заң жүзінде бекітілген төлем. Яғни, баланы асырау ата-ананың заңмен бекітілген міндеті. Алимент өндіруге келгенде ата-анасының заңды некеде болу-болмауы шарт емес.

Ерлі-зайыптылар бөлініп кетсе де ортақ балаларын асырап-бағу міндетінен босатылмайды. Ажырасу барысында ерлі-зайыптылар баланы асырау туралы өзара келісімге келулері керек. Ондай келісім болмаса, кәмелетке толмаған балаларға алимент сот арқылы өндіріледі. Алименттер ай сайын ата-анасының еңбекақысынан немесе өзге табысынан заңмен белгіленген мөлшерде төленеді.

Тағы бір айта кетерлігі, жеке сот орындаушылары мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану мерзімін ұзартпай, алименттерді бірінші кезекте өндіруге міндетті. Олардың бір ай ішінде мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдамауы жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға арналған лицензиядан айыруға әкеп соғуы мүмкін.

Қазіргі бала ертеңгі ел тұтқасы. Сондықтан, әрбір баланың болашағына неқұрайдылық танытпауға тиіспіз.

Урстембай Нұрсұлу,

Наурызбай аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Татулық — ел тірегі

Татулық – қоғамның негізі, халықтың рухын көтеретін, мемлекетіміздің тұрақтылығы...

Алимент төлеуден жалтарғандарға жаза қандай

Кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстан...

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...