Президент Тоқаев Мемлекеттік хатшының өкілеттігіне өзгерістер енгізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Мемлекеттік хатшысының өкілеттіктеріне өзгерістер енгізді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының 25 қаңтардағы №787 Жарлығына сәйкес, Мемлекеттік хатшы мынадай өкілеттіктерді де жүзеге асырады:

Ішкі саясат саласында Президентке стратегиялық ұсыныстар әзірлейді;

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді;

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметін қадағалайды;

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы:

Ішкі саясат саласында Президентке стратегиялық ұсыныстар әзірлейді;

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Парламентпен, саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынаста және халықаралық қатынастарда оның атынан өкілдік етеді;

Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, әлеуметтік-гуманитарлық сала мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді.

Қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдау құрылымдарының жұмысын үйлестіреді;

Президенттің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Испания ӘЧ-дегі жеңістен кейін үш ойыншыны командадан шығарып тастады

Испания құрамасының бас бапкері Луис де ла Фуэнте жаңа...

Тамызда ауа райы қандай болады?

Қазгидромет болжамынша, тамызда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын нормадан көп...

Әскери бөлімнен кетіп қалған сарбазға іздеу жарияланды 

Мерзімді қызметтегі жауынгер бірнеше күн бұрын қызмет орнын өз еркімен тастап кеткен. Оны әскери полиция мен құқық қорғау органдары іздеп жатыр.

2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде қандай өзгерістер болады? 

Ведомствоның мәліметінше, өзгерістер жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіруге және салымшылардың таңдау мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.

Трудовые гарантии

В КАЗАХСТАНЕ СОХРАНЯЕТСЯ ПОЛОЖИТЕЛЬНАЯ ДИНАМИКА НА РЫНКЕ ТРУДА. УВЕЛИЧЕНИЕ ЧИСЛА ОФИЦИАЛЬНО ТРУДОУСТРОЕННЫХ РАБОТНИКОВ СВИДЕТЕЛЬСТВУЕТ ОБ УКРЕПЛЕНИИ ФОРМАЛЬНОГО СЕКТОРА ЭКОНОМИКИ.