12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әкімшілік кодекс нормаларын практикада қолдану тәртібі

Елімізде Әкімшілік рәсімдік процестік кодекс қолданысқа еніп, мамандандырылған әкімшілік соттардың жұмыс істегеніне жеті айдан асты. Осы аралықта байқалғаны жаңа заң нормалары жария-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларда азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғап, қалпына келтіру сапасын одан әрі арттырды.

Аталған Кодекстің 9-бабына сәйкес, кез келген адам бұзылған немесе дау айтылатын құқығы мен бостандығын немесе заңды мүддесін қорғау мақсатында заңда белгіленген тәртіппен әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгінуге құқылы. Осы баптың 3-тармағына сай, заңда дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібі белгіленсе, осы тәртіп сақталғаннан кейін ғана сотқа барады.

Әкімшілік акті, әкімшілік әрекет пен әрекетсiздiкке шағым әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актіні қабылдау немесе әкімшілік әрекет жасау-жасамау  туралы белгілі болған күннен бастап үш айдан кешіктірмей әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі. Шағымды лауазымды адам жеке-дара, ал, ел заңнамасында көзделген жағдайларда алқалы құрам қарайды.

Сотқа дейінгі тәртіпте жоғары тұрған мемлекеттік органға шағымдануда азаматтарға ыңғайлы жағдай жасалған. Мысалы, азамат жоғары тұрған органды іздеп жүрмей,  дау тудырған шешімді шығарған органның өзіне тікелей шағымын жолдай алады. Шешімді қабылдаған орган актідегі қатесін түзеп,  қолайлы акт шығару немесе істі бейбіт жолмен аяқтау мүмкіндігін пайдаланады.

Бұлай болмаған жағдайда шағым үш күннің ішінде жоғары тұрған органға жолдануы керек. Жоғары тұрған орган актінің заңсыздығы немесе тиімсіздігіне байланысты күшін жоюға құқылы. Шағым жедел тәртіпте, яғни, жиырма жұмыс күні ішінде қаралу қажет. Олай болмаса, даудың сотта қарау процесі ұзарып кетеді.

Әкімшілік сот ісінде судья «белсенді» рольге ие. Сондықтан, ол мәселенің құқықтық салдарын алдын ала түсіндіріп, тараптардың өз құқықтарын дұрыс қорғап, жүзеге асыруына жәрдем етеді. Жауапкер өз әрекетінің дұрыстығын дәлелдейді. Іс ақылға сыйымды мерзімде бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда үш, ал, кассацияда алты айға дейін қаралады.

Соттың шешімі ауызша талқылау аяқталғаннан кейін он жұмыс күнінен,  айрықша жағдайда, іс күрделі болса, бір айдан кешіктірілмей дайындалады. Әкімшілік сот ісінде талап қоюшы мемлекеттік органмен татуласа алады. Ол үшін жауапты орган дауланып жатқан акті немесе шешімді қайта қарауы шарт. Тараптардың татуласу туралы келісімін бекіту туралы соттың шешімі, ұйғарымы орындалмаса ақшалай өндіріп алу қолданылады.

Іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болмайды.   Ал, қатысуға міндетті адамдар келмесе, оларға осы Кодекстің 18-тарауына сәйкес, процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

Әкімшілік істі мәні бойынша шешпейтін сот актісі ұйғарым нысанында шығарылады. Ауызша тыңдау барысында шығарылған ұйғарым немесе оның қарар бөлігі дереу жария етіледі. Түпкілікті нысандағы ұйғарым қарар бөлігі жария етілген соң бес жұмыс күнінде дайындалады.

139-баптың 2-бөлігіне сай, талап қоюмен бір мезгілде түскен талап қоюды қамтамасыз ету туралы арыз сол күннен бастап бес жұмыс күнінде қаралады.  

Сот талқылауы осы Кодекстің 23-тарауындағы тәртіппен қаралған әкімшілік істер бойынша іс жүргізуді қоспағанда, ауызша жүргізіледі. Дәлелдемелер сот талқылауында тікелей зерттеледі. Қажетті маман іске тартылады. Сот талқылауы 112-баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, жауапкердің қатысуымен ғана жүргізіледі.  Жауапкер келмесе әкімшілік істі қарау кейінге қалдырылып, оған ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін. Қайта келмесе әкімшілік іс оның қатысуынсыз қаралады. Әкімшілік орган сот шешімінің орындалуы туралы хабарлауға тиіс.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс елімізде бірінші рет қабылданғандықтан, оның нормалары үздіксіз насихаттауды қажет етеді. Бүгінде азаматтарда осы заңның аясында өз құқықтарын қорғауға деген талпыныс жоғары, олар мемлекеттік және жергілікті әкімшілік органдар мен өзге де ұйымдар қызметкерлеріне өз талаптарын қоя алады. Басқару органдары мен лауазымды тұлғалар  шағымдар мен өтініштерге немқұрайдылық танытпай, ӘРПК нормаларын дұрыс пайдаланып, істі сотқа жеткізбей шешуге мүдделлілік танытса нұр үстіне нұр болар еді.

Мұхит Мұқашев,

Маңғыстау облысының ауданаралық

әкімшілік сотының судьясы

Сезон ярмарок завершен

В условиях стремительно развивающейся мировой креативной экономики, управление туризма,...

Осужден на десять лет

В апреле 2024 года Т., вступив через социальную сеть...

 Аспекты возмещения ущерба 

Материальная ответственность работника за ущерб – это его обязанность...

Айнұр Шерметова: «Балалар тілінде тақпақ жазуға мәжбүрліктен келдім»

Айнұр Шерметова Алматы облысы, Абай ауылындаға "Жайна жадыра" балабақшасының...

На принципах закона и порядка

IX Съезд судей, состоявшийся 4 октября 2024 года, стал...