Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Партияның кезектен тыс XXI Съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды», — делінген хабарламада.

Еске салайық, қарашада өткен саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының өкілеттігін беру туралы шешім қабылдаған болатын. Ол партияны ел Президенті басқаруы керек екенін айтқан болатын. Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай кейінірек Тұңғыш Президенттің шешімі билік транзитінің заңды жалғасы ғана екенін айтты.

Бұған дейін Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның кезектен тыс съезінің күн тәртібін жарияланған болатын. Партияның кезектен тыс XXI съезінде Nur Otan партиясының төрағасы сайланатыны айтылған еді.

Шетелдегі барлық сайлау учаскесі жұмысын аяқтады 

61 мемлекетте дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 9 623 адамды құрады.

Құрылтай сайлауы: Алғашқы exit poll нәтижелері жарияланды 

Еуразиялық интеграция институтының мәліметінше, exit poll Қазақстанның 20 өңіріндегі 200 сайлау учаскесінде жүргізілген.

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді 

Қаладағы медициналық ұйымдардың мәліметінше, жаңа туған нәрестелердің 14-і – ұл, 11-і – қыз.

Дауыс берушілер легі артып, сайлау учаскелеріне келушілер көбейіп келеді

Таң атып, күн көтерілген сайын сайлау учаскелеріндегі дауыс берушілер...