Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында әскерилер атысты

27 қаңтарда кешкі уақытта қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай күрт нашарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, бейсенбіде сағат 17:30 — дан 18:00-ге дейін Тәжікстан шекарашылары Баткен ауданы Төрт-Кочо елді мекеніндегі Баткен-Исфан автожолының бөлігіндегі жол учаскесін біржақты тәртіппен жауып тастаған.

«Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан шекара өкілдері арасында жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша жол учаскесі қайта ашылды. Алайда, сағат 19:35-те Тәжікстан тарапы Баткен ауданының Чыр-Добо елді мекеніндегі шекара бөлімшелері бойынша қару қолдануға байланысты жағдай нашарлады», — деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекара әскерлерінің бөлімшелері арасындағы негізгі атыс Төрт-Кочо және Чыр-Добо елді мекендерінде өтіп жатқаны айтылады. «Тәжік тарапы минометтер мен гранатометтерді пайдаланып жатыр», — деп атап өтті ведомстводағылар. 

Turmush мәліметтері бойынша, қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс аймағынан тұрғындарды эвакуациялау басталған. Шекара маңындағы тұрғындардың бірінші тобы президенттің Баткен облысындағы өкілетті өкілдігінің ғимаратына жеткізілген. Жергілікті билік эвакуацияланған адамдарға үй-жайларды дайындап жатыр.

Исфар мэриясының баспасөз хатшысы Зубайдулло Шомадовқа сілтеме жасаған Sputnik Тәжікстан хабарына қарағанда, Тәжікстан азаматтарының көліктеріне шекараның қырғыз жағынан тас лақтырылғандықтан жанжал туындаған.

«Оқиға көлік Сомониен ауылынан Чоркух джамоатына бара жатқанда болған», — деп түсіндірді ол. Кейінірек агенттік шекарада казармалық жағдай жарияланғанын хабарлады. 

Қазіргі уақытта шекарада Тәжікстан мен Қырғызстан тараптарынан екі топ адам жиналған. Жағдайды қарулы күштер өкілдері бақылайды.

Сондай-ақ, атыс нәтижесінде үш тәжік әскері жарақат алғаны белгілі болды. Қырғызстан тарапынан зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

СОТ ТӨРЕЛІГІНДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: КӨМЕКШІ МЕ, ӘЛДЕ БАЛАМА МА?

Цифрландыру дәуірі адамзат қызметінің барлық саласын түбегейлі өзгертіп, заң...

Мемлекеттік сатып алу санатындағы әкімшілік істерді қарау ерекшеліктері

Мемлекеттік сатып алу – ел экономикасының маңызды құрамдас бөлігі...

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына – 25 жыл

2026 жылы 1 тамызда Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық...

«Сот кабинеті» – сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттырған цифрлық сервис

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттік қызметтердің сапасын...