Қазақстанда балабақшаға кезекке тұрудың бірыңғай базасы ашылады

Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда балабақшаға кезекке тұрудың бірыңғай базасы ашылатынын хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Орындарды бөлудің ашықтығы, мақсатты қаржыландыру және кезек қайталанбас үшін республика бойынша балабақшаға кезекке тұрудың бірыңғай деректер базасын ашу жоспарланған», — деді білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова.

Сонымен қатар, оның айтуынша, мектепке дейінгі ұйымдардың, әсіресе жекеменшік балабақшалардың жұмыс сапасын арттыру шаралары қабылданады.

«Біз талаптарды күшейтеміз, мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру ережелеріне өзгерістер енгіземіз, оның ішінде білікті мұғалімдермен қамтамасыз ету, қауіпсіз және жайлы жағдай жасау, мемлекеттік тапсырыс қаражатын мақсатты жұмсау және қызмет көрсету сапасын арттыру», — деді Шолпан Қаринова.

Қазақстанда 5 мыңнан астам оқушы жұмыс істеп жүр

Министрдің айтуынша, елімізде еңбек қызметіне рұқсат етілген 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдердің саны 1,7 миллионға жетеді.

Елімізде көмірден газ бен дизель отыны өндірілмек 

Қазіргі уақытта елде көмір химиясы саласындағы үш ірі жоба жүзеге асырылуда.

Ұлттық қор, тегін тамақ және жазғы демалыс: Қазақстан балаларына қандай жағдай жасалған? 

Қазақстанда балалар саны 6,9 миллионнан асты. Мемлекет білім беру, әлеуметтік қолдау, қауіпсіздік және денсаулық сақтау бағыттарында жаңа бастамаларды іске асырып жатыр.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Балаларды қорғау күнімен құттықтады

Президент биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының іске асырыла бастағанын айтып, жас ұрпақты қолдау Әділетті әрі Озық Қазақстанды құру жолындағы негізгі басымдықтардың бірі болып қала беретінін жеткізді.