Сенат мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігінің күшін жоюды ұсынды

Сенат депутаттары мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттігінен бас тартуды ұсынды. Бұл норма «Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» конституциялық заңда жазылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат отырысында депутаттар «Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» конституциялық заңға түзетулерді мақұлдады, сондай-ақ «Қауіпсіздік кеңесі туралы» және «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңдарға бұрын Мәжілісте ұсынылған түзетулерді мақұлдады. Түзетулерге сәйкес, Елбасының Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық ету құқығынан айыру көзделген.РЕКЛАМА

Сенаторлар өз ұсынысын қосып, заң жобасын Мәжіліске қайта қарауға қайтарды.

«Сенаторлар қауіпсіздік кеңесі мен ҚХА-ны Мемлекет басшысы лауазымы бойынша басқаруы тиіс деген заңға енгізілген түзетулерді қолдады. Сонымен қатар, Сенатта заң жобаларын қарау нәтижелері бойынша депутаттар қосымша тағы бір түзетуді ұсынды. «Тұңғыш Президент туралы» заңнан норманы алып тастау туралы шешім қабылданды, оған сәйкес мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша әзірленетін бастамалар Елбасымен келісілуге тиіс. Осылайша, заңнамаға ұсынылып отырған мерзімінен бұрын өзгерістерді тұжырымдамалық мақұлдаған Сенат заң жобасын осы түзетумен Мәжіліске қайтару туралы шешім қабылдады. «Елбасы туралы» заңның қалған барлық нормалары өзгеріссіз қалады», — деп түсіндірді сенатор Ләззат Сүлеймен.

Енді бұл түзетуді Мәжіліс депутаттары қарап, қабылданған жағдайда заң жобасы Президенттің қол қоюына жіберіледі.

Между долгом и справедливостью

ДЕПУТАТЫ ПОДВЕРГЛИ КРИТИКЕ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ЧАСТНЫХ СУДЕБНЫХ ИСПОЛНИТЕЛЕЙ И НАМЕТИЛИ ПУТИ РЕФОРМЫ СИСТЕМЫ ИСПОЛНИТЕЛЬНОГО ПРОИЗВОДСТВА, ПОДЧЕРКНУВ НЕОБХОДИМОСТЬ УСИЛЕНИЯ ЗАЩИТЫ ПРАВ ГРАЖДАН, ПРОЗРАЧНОСТИ РАБОТЫ ЧСИ И ВНЕДРЕНИЯ СОВРЕМЕННЫХ ЦИФРОВЫХ ИНСТРУМЕНТОВ КОНТРОЛЯ.

БIЗДI БIРIКТIРЕТIН — ОРТАҚ ОТАНҒА ДЕГЕН АДАЛДЫҚ

Қазақстан Республикасының Судьялар одағының атынан баршаңызды 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Өрт қаупі күшейді: ТЖМ тұрғындарға үндеу жасады 

Жылы күндердің басталуына және өрт қауіпті маусымның келуіне байланысты табиғи өрттердің туындау қаупі артып отыр.

Бір шаңырақ астындағы халық: Қазақстанның этнос құрылымы қалай өзгеріп жатыр?

2026 жылдың басында республика бойынша қазақтардың үлесі 71,5%-дан асады.Қазақстандағы...

Қазақстан халқының бірлігі күні: мерекеге орай қайда баруға болады?

1996 жылға дейін Қазақстанда 1 мамыр Еңбек күні ретінде...