12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстан Қытайда өтетін қысқы олимпиада ойындарына қанша қаражат жұмсайды

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас хатшысы Андрей Крюков ақпан айында өтетін XXIV Қысқы Олимпиада ойындарына қанша қаражат бөлінгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Бейжің Олимпиадасына 250 млн теңгеге жуық қаражат бөлу жоспарланған. Алайда бұдан да аз сома – 220 млн теңге жұмсалуы мүмкін, өйткені ұйымдастырушылар делегациялардағы қатысушылар санын қысқартып жатыр», –  деп түсіндірді Андрей Крюков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасының қысқы олимпиада дайындығына 400 миллион теңге жұмсалған.  

Оның айтуынша, жазғы Олимпиада қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты жүргізілген тексерулер ҰОК жұмысында қаражатты жымқыру, мақсатсыз пайдалану және осыған ұқсас оқиғалар болмағанын көрсетті.

«Кейбір процедуралық бұзушылықтар бар және бюрократиялық тұстар анықталды және сыбайлас жемқорлық сын-қатерлерін болдырмау үшін барлығы реттелді», – деді Крюков.

Ұлттық Олимпиада комитетіндегілер айтулы жарысқа еліміздің атынан 34 спортшының баратынын мәлімдеді. Қазақстан құрамасы 87 лицензия алды. 

Айта кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындары Қытайдың Бейжің қаласында, 2022 жылдың 4 мен 20 ақпан аралығында өтеді. Онда жалпы саны 109 медаль сарапқа салынады. Жарыстар Бейжің қаласынан бөлек қасындағы Яньцин және Чжянцзякоу қалаларында да өтеді.

Бензинге қатысты жағдай: Қазақстан шекарадағы бақылауды күшейтеді

Үкіметте ЖЖМ нарығындағы жағдай бойынша кеңес өткізілді.

WhatsApp пен Telegram-ға тыйым салына ма? Министрлік жауабы

WhatsApp, Telegram және басқа да шетелдік мессенджерлерді қолдануға тыйым салынатыны рас па? Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жауап берді.

Қазақстандықтар Конституция күніне орай қалай демалады?

Жаздың соңғы айында қазақстандықтар Конституция күнінің арқасында бір күн артық демалады.

9 ЖЭО қызыл тәуекел аймағынан сарыға көшті

Қазақстанда 9 ЖЭО қызыл тәуекел аймағынан сарыға көшті.

Қазақстанда жыл басынан бері жол апатынан 190 бала қаза тапқан

Ең көп жағдай Түркістан облысында болған: 34 бала қаза тапқан, 280-і жарақат алған. Қайғылы статистика бойынша екінші орында – Алматы облысы, 22 бала қаза тапқан, 858-і зардап шеккен. Үштікке Жамбыл облысы кіреді – 18 бала қаза тапқан, 513-і жарақат алған.