Қайта вакцина алған қазақстандықтардың «жасыл» мәртебесі қанша уақыт сақталады?

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева онлайн брифинг барысында ревакцина алған қазақстандықтардың «жасыл» мәртебесі қанша уақыт сақталатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Ревакцина алғандарда «жасыл» мәртебе тағы бір жылға, яғни 12 айға ұзартылады. Желтоқсанда қайта вакцина алғандар келесі желтоқсанға дейін «жасыл» мәртебеге ие болады», –  деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева.

Бүгінгі күні ревакцинациядан 122 960 алматылық өтті.

Бұған дейін Алматыға «Спутник Лайт» вакцинасының 12 мың дозасы ревакцина үшін жеткізілген. 

Басқарма мәліметінше, «Спутник Лайт» вакцинасы ревакцинаға, яғни, толық иммундау мерзімі аяқталғаннан кейін қайта вакциналауға арналған.

Трудовые гарантии

В КАЗАХСТАНЕ СОХРАНЯЕТСЯ ПОЛОЖИТЕЛЬНАЯ ДИНАМИКА НА РЫНКЕ ТРУДА. УВЕЛИЧЕНИЕ ЧИСЛА ОФИЦИАЛЬНО ТРУДОУСТРОЕННЫХ РАБОТНИКОВ СВИДЕТЕЛЬСТВУЕТ ОБ УКРЕПЛЕНИИ ФОРМАЛЬНОГО СЕКТОРА ЭКОНОМИКИ.

Қазақстан тәуліктік мұнай өндірісін 1,63 млн баррельге дейін қысқартты

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Қара теңіздегі терминалы арқылы мұнай экспортын уақытша тоқтатуына байланысты Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі төмендеді.

Елімізде алимент енді арнайы шотқа аударылады 

Бұл өзгеріс алимент қаражатын қорғауға және оның тек бала мен еңбекке қабілетсіз адамдардың қажеттіліктеріне жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Астанада Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ іске қосылды 

Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ шолу дөңгелегі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында көрсетіледі.

Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты отырыс тікелей эфирде көрсетілмейтін болды 

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров хабарлады.