Қаңтар оқиғасынан кейін қанша адам қамауда?

Бас прокуратура Қазақстанның бірнеше облысындағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін қанша адамның ұсталып, қаншасы босатылғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Сотта қаңтар оқиғасына қатысты 9257 әкімшілік іс қаралды, 4584 адамға сотпен ескерту жасалды.

Қазіргі уақытта прокурорлардың ұсынысы бойынша 1149 адам қамаудан босатылды, 577 айыппұл ескертуге ауыстырылды, 393 әкімшілік іс құрамының болмауына байланысты қысқартылды. Осылайша, сот шешімімен әкімшілік қамауға алынған 3314 адамның 63-і бүгінде қамауда отыр», — деді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов.

Оның айтуынша, сотта прокурорлардың әкімшілік жазаны жеңілдету туралы тағы 13 өтініші қаралып жатыр.

Тергеу-жедел топтардың өндірісінде 2044 қылмыстық іс бар.

«Осы істер бойынша 898 күдікті қамауға алынды. Оның 802-сі соттың рұқсатымен қамауға алынды, 50-і үйқамаққа алынды, — 21-і кепілге, 12-сі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен, 13-і әлі де қаралып жатыр», — деді Қилымжанов.

Ол прокуратура органдарына құқық қорғау органдарымен тексеру барысында заңсыз тергеп-тексеру әдістері мен азаматтардың құқықтарының бұзылуына қатысты 109 арыз-шағым түскенін айтты.

«11 шағым бойынша прокурорлардың өздері билік пен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, 10 қылмыстық істі прокуратураның нұсқауы бойынша қылмыстық қудалау органдары тіркеді.

Бүгінгі күні өндірісте 21 іс бар, оның ішінде 20-сын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері және бір арнайы прокурор тергеп жатыр. 43 шағым бойынша тексеру жүргізіледі, 22-сі расталмады», — деді ол.

Қазақстанда 1 маусымнан бастап не өзгереді 

Маусым айынан бастап қазақстандықтарды ипотека, зейнетақы, емтихан, әуе рейстері мен коммуналдық тарифтерге қатысты бірқатар өзгеріс күтіп тұр.

Ветеринарлардың жалақысы көбейеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында мал шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін сапалы ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру мақсатында ҚР Үкіметі 2026-2030 жылдарға арналған ветеринарияны дамытудың кешенді жоспарын бекітті.

Қазақстанда жылжымайтын мүлікке техпаспорт енді тек онлайн рәсімделеді 

Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын eGov mobile қосымшасы арқылы да алуға болады.

Шекараны жабу Эболадан қорғамайды – ДДСҰ басшысы 

ДДСҰ басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус елге кіруге қойылатын шектеулер инфекцияның таралуын уақытша ғана баяулатуы мүмкін екенін айтты.

Ақмола облысында көкпар кезінде жасөспірім көз жұмды 

Ақмола облысында көкпар кезінде жасөспірім қаза тапты.