Алматыда жылуды 9 қазаннан бастап қосады

Алматыда биыл жылу қосу маусымы 9 қазанда басталады. Алайда әкімдіктің хабарлауынша, тұрғын үйлерге жылу бірден қосылмайды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Әкімдіктің мәліметінше, жылу маусымының ерте басталуына ауа температурасының күрт төмендеуі себеп болған. Қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша, 9 қазаннан бастап нысандар орталық жылу жүйесіне қосылады.

Ең алдымен жылуды әлеуметтік нысандар – балабақша, мектеп және медицина ұйымдарына қосады. Ал көпқабатты тұрғын үйлерді жылу жүйесіне қосу 10 қазаннан басталады.

Үйге жылу қосқаннан кейін ПИК (КСК) және МБҚ (ОСИ) мамандары ішкі жүйелерді ретке келтіреді. Олар радиаторлар мен құбырлардағы ауаны шығарып, қысымды реттейді және пәтерлердің біркелкі жылуын қамтамасыз етеді.

Әкімдік мәліметінше, «Алматы жылу желілері» ЖШС қыс маусымына дайындықты аяқтаған. Төтенше жағдайларды болдырмау үшін қажет материалдар мен жабдықтардың қоры жасақталған.

2026-2027 жылдағы жылыту маусымында 16 апат және жөндеу бригадасы кезекшілік атқарады. Олардың құрамында 220 маман бар, сонымен қатар 56 арнайы техника дайын.

Естеріңізге салайық, әкімдік Алматыда жылыту маусымымен қатар, арық желісіндегі күрделі учаскелерді жөндеу аяқталуға жақын екенін хабарлады. 129 учаскенің 117-сінде жұмыс аяқталған, қалған 12 учаскедегі жұмыстарды 30 қазанға дейін бітіру жоспарда бар.

Сонымен қатар еліміздің 11 өңірінде жылу қосылды. Алайда олардың қатарында Семей қаласы жоқ. Жұмысты жоспар бойынша орындамағаны үшін Абай облысы әкімінің орынбасары жауапқа тартылады.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.