12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот ашық диалогқа дайын

Сот төрелігінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында күрделі әрі тың реформалар тоқтаусыз жүргізіліп келеді. Оның ішінде, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, судьялар съездерінде берілген салмақты тапсырмалар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы сияқты әр жолдаудың орны бөлек.

Өздеріңізге белгілі, елімізде 2021 жылдың соңында Қазақстан Респуб­ликасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң қолданысқа енгізілді. Тарих қойнауына үңілсек, осыған дейін елімізде 8 рет рақымшылық жасалған екен. Аталған заңға сәйкес, қылмыстық жауаптылықтан немесе негізгі жазадан қылмыстық теріс қылық және онша ауыр емес қылмыс жасағандар, залал келтіруге әкеп соқпаған не оны толық өтеген немесе ол бойынша азаматтық талап қойылмаған ауырлығы орташа қылмыс жасаған адамдар, залалдың немесе азаматтық талап қоюдың бар-жоғына қарамастан, ауырлығы орташа қылмыс жасаған әлеуметтік жағынан осал адамдар босатылады. Ал негізгі жазадан теріс мінез-құлық дәрежесі жоқ, осы заң қолданысқа енгiзілетін күнге жазасын өтеуіне бiр жылдан аспайтын уақыт қалған, ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін сотталғандар босатылады. Сондай-ақ, 2-баптың 4-бөлігіне сай қосымша жазаны міндетті түрде тағайындау көзделетін, соттардың іс жүргізуіндегі қылмыстық теріс қылық, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс туралы істер бойынша осы баптың 1-тармағында аталған адамдарды сот негізгі жазадан босататындығы көрсетілген. Осы орайда, аталған заң құқық бұзушылықтар жасаған азаматтарға қатысты мемлекет тарапынан берілген үлкен мүмкіндік пен сенімнің көрінісі екенін атап өткен жөн.
Президент «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында «Адам құқын қорғау жөнінде жаңа шаралар қабылдау өте маңызды», – деді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы балалар құқын қорғаудағы шараларды күшейтуді, азаптаумен күрес жөніндегі ұлттық заңнаманы жетілдіруді, адам саудасына қарсы күрес мәселесі күн тәртібінен түспейтінін айтып, құқық қорғау органдары мұндай қылмыстарды тергеу рәсімін жетілдіріп, осыған орай сот тәртібімен қатаң жаза қолданылуы қажет екенін қадап тапсырған еді. Иә, заң үстемдігі орнықпаса, азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, қай елдің де қарыштап қанат жаюы, алға жылжуы мүмкін емес екені белгілі.
Одан бөлек, құнды құжатта қоғамның соттарға деген сенімін орнықтыру басымдығы басты мақсатқа айналуы керектігі айтылды. «Соттың абыройы – бүкіл мемлекеттің беделі екенін атап өтемін. Себебі, әрбір сот шешімінің арғы жағында адамның тағдыры бар. Сондықтан, «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», – демекші туралықтан танбай, әрбір дауды әділетті шешіп, нүктесін қою біздің жауапты міндетіміз» деген Президент ел сеніміне ие болудың негізгі қағидаларын тағы бір мәрте еске салды.
Соған орай, санаулы уақыттың ішінде әлеуметтік желі арқылы соттар мен қоғамның арасында ашық диалог орнады. Қоғам тарапынан қойылған сан сауалға тәуліктің кез келген мезгіліне қарамастан жедел жауап беру қолға алынды. Сонымен қатар, сот төрағалары карантин шектеулеріне байланысты онлайн ашық есік күнін өткізіп, азаматтарды қабылдауды тоқтатқан емес.   
Қорыта айтқанда, еліміздің сот жүйе­сінің әлемдік рейтингтерде жақсы көрсеткіштерге ие болуынан бөлек, кез келген ел азаматының өз мәселесін сот арқылы әділ шешіп, қорғай алуы маңыз­ды. Сонда ғана халық пен сот арасындағы алтын көпірдің берік болары анық.

Г.ҚОЙБАҒАРОВА,
Ақтау қалалық сотының судьясы

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...

Сыбайлас жемқорлықтан ешбір ел сақтандырылмаған

Сыбайлас жемқорлық – әлем халықтарына ортақ кесел. Бұл індет...

Сот жүйесінің жаңашылдықтары

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет»...

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...