Алматыда зардап шеккен бизнеске сауда орындары көмек беретін болды

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Кикимов сауда орталықтары тәртіпсіздік барысында зардап шеккен бизнеске қандай көмек берілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол бірқатар сауда орталықтары жалға алушыларына жеңілдіктер беретінін, кейбірі толықтай жалға алу төлемдерінен босататынын айтты.

Олардың ішінде, MOSKVA metropolitan Сауда орталығының зардап шеккен жалға алушылары үш айға төлемнен толығымен босатылды. Сондай-ақ, “Променад” сауда орталығы да осындай көмек ұсынады.

«Silk Way City» сауда орталығында үш нысан зардап шекті. Олардың ішінде бір нысан бір жылға жалдау ақысынан толығымен босатылды, ал қалған екеуіне жабдықтарын толықтай қалпына келтіреді.

Сол сияқты «Пассаж» сауда орталығы зардап шеккен 162 жалға алушыны бір айға төлемнен толығымен босатты. Қазіргі уақытта тағы бір айға босату мәселесі қосымша қарастырылуда.

«Asia Park» СОО нысанды іске қосқаннан кейін барлық жалға алушыларға үш айға 50% жеңілдік ұсынады.

«City Center» со екі жолды ұсынады: екі айға жалға алуға 50% жеңілдік немесе бір айға 100% жеңілдік.

«Арена» Сауда үйі зардап шеккен жалға алушыларды қаңтар айындағы төлемнен толығымен босатты.

«Сонымен қатар, Halyk Bank микро-бизнес секторынан зардап шеккен қарыз алушыларға 1 млн теңге көлемінде өтеусіз грант бөлу туралы шешім қабылдады. Ақша бизнесті қалпына келтіруге жұмсалады, шығын мөлшерін растау қажет емес», –  деді Кикимов.

Банк оларға 6 айға дейінгі мерзімге несие төлемдері бойынша несиелік демалыс береді.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.