12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«ҚАҢТАР ҚЫРҒЫНЫ» БАРШАМЫЗҒА САБАҚ БОЛДЫ

Бірнеше жыл бұрын аудан басшыларының бірі халық алдында есеп беріп тұрып, «Мың өліп, мың тірілген қазақпыз» – дегенде ауыл ақсақалы «Қазақ мың өлсе сен секілді надан басшылардың кесірінен мың өлген, тірілсе өзі тірілген» – деп айтқан еді.

Әрбіріміз отбасымызға, әулетімізге, мемлекеттік қызметкерлерге, ауыл, ауданға – басшымыз. Ендеше, елімізде орын алып отырған келеңсіздікке басшы ретінде барлығымыз жауаптымыз. Бір кездері «Шаншар» әзіл-сықақ театры ауыл туралы әзілдерінің бірінде «әндердің барлығы ауылдан алу, беруді ешкім жазбайды» деген. Ойлы адамға бұл шынымен өткір мәселе. «Шыққан жеріміз ауылға әрқайсысымыз шынымен не беріп жүрміз?» – деп ойланайық. Қаңтардағы қайғылы оқиға кеменің үстіндегі бай-манап, оқымыстылардың мысалына келеді. Онда – «…кеменің астында отырған кембағалдар су ішеміз, таза ауа жұтамыз деп сыртқа шықпақшы болады. Бірақ үстіндегілер оларды шығармағандықтан су ішу үшін олар амал жоқ, кеменің түбін теседі де, бәрі суға кетеді». Бүгінгі ахуалда осымен дөп келеді. Білімді, қаражаты бар азаматтар жетім, жесірдің ақысын беріп жүр ме? Неге соңғы жылдары қайыр сұрайтындар көбейді, көшеге неге наразы топтар жиі шығады? Осы сұраққа ойландық па? Мұны қалай шешеміз? Қоғамның рухани азғындауы халық үлгі алатын, дұрыс жолға бастайтын адамдардың болмауынан орын алады, сондықтан бүліктер шығып, халықтың несібесі азаяды. Аудан көлемінде адамдар Жаңаөзен халқына қосылып, митингке шығамыз деп жиналғанда араларында елдің тыныштығын бұзатын теріс пиғылдылар болды. Аудан басшылары, ақсақалдар, имамдар, соғыс көрген ардагерлер, қайырымдылық қорларды басқарып жүрген азаматтар оларға басу айтып, берекеге шақырды. Ел билеу – елді қанау емес, елді ақылмен басқару, жоқты барды елмен бірге өткеру, бір-біріне кешірімді болуға, қайырымды, жомарт болуға үндеу. Жоғарғы Соттың ұсынысымен қабылданған «Медиация» заңы осы талаптарға сәйкес келеді, сондықтан жергілікті атқарушы билік осы заң талаптарына сәйкес әр ауылдан, көшеден, подъездерден озық ойлы азаматтарды тартып, билікке араластырса, дауларды дер кезінде шешіп отырса қоғамдық үйлесім табылар еді. Адамдар арасында келісім, мәміле, үйлесімділік табылғанда сотта даулар сауапты, бейбіт жолмен жүргізілетін еді. Мысалы, ілгеріде өмір сүрген аталарымыз жерді жалға алып, сол жерден табылған алтынды жер иесіне бергенде соңғылар оны алмайтынын айтып дауласқан. Бүгінгі күнде қарыз алған адам «талап қою мерзімі өтіп кетті, қолхатың жоқ» – деген негіздермен дауды өршітіп, соңынан «әділ шешім шықпады» – деп арызданғысы келіп тұрады. Әділ қоғам болса әділ сот актілері шығатыны даусыз. Тараптардың екі жағы да дау бітсін деп емес, өз пайдасын ойлап дауласқанда оны шешу қиын. Қайғылы оқиға орын алды, тыныштық орнады, бұл әрбір басшыға берілген сабақ. Отбасымызды, әулетімізді, ауыл, аудан, елді түзейік. Бір Президенттің мойнына бүкіл жауапкершілікті жүктеп қарап отырмайық. Әрбір отбасында бүлікке қатысқан адам қайтыс болса жаназасы шығарылмайтыны, бүлінгеннен бүлдіргі алынбауы тиіс екені ескертілуі тиіс. Қаңтар оқиғасына қатысқан да, қайтыс болғандар да қазақтар (өзге ұлт не орыс тілділер емес), олар ауылдық жерлердікі болғандықтан бұзылған құқықтарын тез арада қалпына келтіру керек. Олар еңбек ақыны қалада тұратындардан кем алмауға тиіс. Әлеуметтік көмек барлық мұқтаж адамдарға берілгені дұрыс. Ауыл әкімдерінің қызметтерін барынша жандандыру қажет. Себебі, ауыл әкімдері дауды шешетін барлық мамандармен, қоғамдық ұйымдармен қамтамасыз етілген. Әкімдер мемлекет тапсырған міндеттерді мүлтіксіз орындаса ол ауылдан ешқандай дау шықпайды. Бұл талаптардың барлығын тез арада орындауға олардың бәрінде толық мүмкіншілік бар.

Мақтаарал ауданында бұл бағытта жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл оқиғаға дейінде аудан әкімінің бастамасымен үлкен-кіші Мақтаарал баспана қорына, мұқтаж отбасыларға арналған азық-түлік бұрышына, мешіттерге садақаларды бірнеше жылдан бері үзбей беріп тұрғандықтан да болар ауданымыз тыныштық, береке-бірлікте өмір сүріп жатыр. Конституциямыздың бірінші бабында көрсетілгендей, мемлекетіміздің байлығы саналатын адамдардың өмірі мен денсаулығы, олардың құқықтары екенін естен шығарсақ мемлекеттігімізден айырыламыз. Бір адам түзелсе, қоғам жақсарады, бірнеше адам түзелсе қоғам гүлденеді. Елдің күші – бірлікте.

Қ.МҰСАЕВ,

Мақтаарал аудандық сотының төрағасы,

Ауғанстан соғысы ардагері

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Тіл тағдыры-ұлт тағдыры

Мемлекеттік тіл кез келген елдің тұғырлы тірегі, сондықтан, осы...

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы істерін сотта қарау ерекшеліктері

    Қазақстанда 2023 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілген...

КазНУ имени Аль-Фараби: 90 лет лидерства, знаний и международного сотрудничества

В 2024 году Казахский национальный университет имени Аль-Фараби отмечает...

Мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктету – елдік іс

Мемлекеттік тіл мемлекеттің тәуелсіздігін айқындайтын бастыбелгілердің бірі. Қазақстан Республикасының...

Елдің өркендеуі жүйе жұмысын жаңа деңгейге көтерді

Тәуелсіздік таңы атқалы 33 жыл болды. Осы жылдар ішінд...