ВАК коронавирусқа қатысты бірнеше шешім шығарды

Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ВАК отырысы өтті. Отырыста мектеп оқушыларының оқуына бірнеше шешім шығарылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister сайтына сілтеме жасай отырып.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният кейінгі аптада эпидемиологиялық ахуал орташа есеппен 5,6 есе нашарлап кеткенін айтты. Ауру жұқтырғандар Қарағанды облысында 28 есе, Алматы облысында 11 есе, Атырау, Ақмола облыстарында және Алматы қаласында 9-9,5 есе артты.

ВАК талқылауының қорытындысы бойынша оқытудың штаттық форматына рұқсат беру ұсынылды:

  • мектепке дейінгі ұйымдарда — ата-аналардың өтініштері бойынша («қызыл», «сары», «жасыл» аймақтарда);
  • оқушы саны 600-ге дейін (қоса алғанда) жалпы білім беретін мектептерде;
  • оқушы саны 600-ден асатын жалпы білім беретін мектептерде — жобалық қуаттың 50 пайызынан аспайтын жүктемемен;
  • жалпы білім беретін мектептерде — бастауыш 1-4 сыныптар (халықаралық мектептерде 5-6 сыныптарды қоса алғанда);
  • мектептен тыс ұйымдарда — жеке сабақтар, топтық сабақтар — 15 адамға дейін, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түзету кабинеттерінде (орталықтарында), ересектерде – жеке және топтық сабақтар — 8 адамға дейін;
  • колледждер мен жоғары оқу орындарында — аралас форматта: практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар, өндірістік практика — икемді график бойынша штаттық режимде, дәрістер  — онлайн.

Орта білім беру ұйымдарында, колледждерде, жоғары оқу орындарында білім алушыларды қашықтан оқыту форматына ауыстыру карантин режимін бұзатын жайттар анықталған кезде қолданылады.

Кеңес соңында Ералы Тоғжанов мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің басшыларына коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша Үкімет қабылдап жатқан шаралардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді. 

Оқушылар қайтадан диктант жазатын болды

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім сапасын арттыру үшін дәстүрлі жазба жұмыстары қайта енгізілетінін айтты.

Белгілі театр режиссері Есмұхан Обаев дүниеден өтті

Белгілі актер, Қазақстанның халық әртісі, театр режиссері Есмұхан Обаев дүниеден озды.

FlyArystan Дубайға ұшатын рейстерді жаз соңына дейін тоқтатты 

Әуе тасымалдаушысының мәліметінше, аталған шешім қауіпсіздік ахуалына байланысты қабылданған. Осы бағыттағы барлық рейстер уақытша кестеден алынып тасталды.

1 мамырдан бастап не өзгереді?

2026 жылғы 1 мамырдан бастап Қазақстанда цифрлық активтер нарығын жүйелі реттеу күшіне енеді.

Жаһандық су дағдарысы күшейіп келеді – Мемлекет басшысы БҰҰ деңгейінде тың ұсыныс жасады 

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысының Су ресурстары жөніндегі арнаулы өкілі Ретно Марсудиді қабылдады. Кездесуде су ресурстарының жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі негізгі мәселелері талқыланды.