Елордадағы ТЖ режимі: қанша қылмыс пен құқықбұзушылық дерегі анықталды?

Елордада 19 қаңтар сағат 00.00-ден бастап төтенше жағдай режимі мен коменданттық сағат тоқтатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаладағы жағдай тұрақталған, бәрі бақылауға алынған. Төтенше жағдай режимі кезеңінде горнизонның жеке құрамы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстың, өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттердің алдын алу, жолын кесу бойынша қызмет атқарды. Тәулік бойы 6 блокбекет жұмыс істеді.

Тексеріс барысында блокбекеттерде және қала бойынша 7 қару, оқ-дәрі және 72 суық қару тәркіленіп, есірткі қылмысына қатысты 11 жайт анықталды. Елорданың кейбір тұрғындары коменданттық сағатты бұзып, көшелерде жүргені де белгілі болды.

ТЖ режимін бұзған 651 адам жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 42 адам қамауға алынды, 198-іне айыппұл салынды, қалғанына ескерту жасалды. Тәртіп сақшылары аулалар мен пәтерлерді аралап шықты. Көші-қон заңнамасын бұзған 76 адам елден шығарылды.

Тексеріс кезінде полиция қызметкерлері «коменданттық сағатты» бұзып, жұмыс істеген ойын-сауық мекемелерінің жұмысын тоқтатты. Барлығы 64 кәсіпкерлік нысан жұмысы тоқтатылды. Сондай-ақ, дүкендердегі алкоголь өнімдері тексерілді. ТЖ кезінде «102»-ге келген қоңыраулар саны артты. Қылмыстар мен басқа да құқықбұзушылық деректері айтарлықтай азайғаны белгілі болды.

«Осы қиын-қыстау кезде ішкі істер органдары мен Қорғаныс министрлігінің жеке құрамы қалада тәртіп орнауын қамтамасыз етті. Халық өткізілген іс-шараларға түсіністікпен қарады. Азаматтарымыздың қолдауы бізге көп көмектесті. Қала тұрғындарына, қоғамдық ұйымдар мен еріктілерге полиция қызметкерлеріне көмектескені үшін алғыс білдіремін. Бірлескен әрі үйлесімді жұмысымыздың арқасында елордада қоғамдық тәртіп сақталуын қамтамасыз еттік», — деді Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Ержан Сәденов.

Қазақстанда 5 мыңнан астам оқушы жұмыс істеп жүр

Министрдің айтуынша, елімізде еңбек қызметіне рұқсат етілген 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдердің саны 1,7 миллионға жетеді.

Елімізде көмірден газ бен дизель отыны өндірілмек 

Қазіргі уақытта елде көмір химиясы саласындағы үш ірі жоба жүзеге асырылуда.

Ұлттық қор, тегін тамақ және жазғы демалыс: Қазақстан балаларына қандай жағдай жасалған? 

Қазақстанда балалар саны 6,9 миллионнан асты. Мемлекет білім беру, әлеуметтік қолдау, қауіпсіздік және денсаулық сақтау бағыттарында жаңа бастамаларды іске асырып жатыр.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Балаларды қорғау күнімен құттықтады

Президент биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының іске асырыла бастағанын айтып, жас ұрпақты қолдау Әділетті әрі Озық Қазақстанды құру жолындағы негізгі басымдықтардың бірі болып қала беретінін жеткізді.