Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарға карантин 7 күнге қысқармақ

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмагамбетова коронавируспен ауыратын науқастардың, симптомсыз және байланыста болғандардың карантинін қысқарту туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Біз жұма күні әріптестерімізбен ZOOM-кездесу өткіздік, халықаралық тәжірибені зерттедік. Шынында да, әлемде қазір карантин мерзімі қысқарып келеді. Әзірге біз бас мемлекеттік дәрігердің қаулы жобасына байланыста болған және симптомсыз адамдар 10 күнге дейін карантинде болады деп енгізуді қарастырып отырмыз», – деді Айжан Есмағамбетова.

Жетінші тәулікте тестілеу өткізіп, теріс нәтиже болған жағдайда 7 күннен кейін карантинді аяқтап, жұмысқа шығу құқығы берілетінін айтты.

«Егер тестілеу қандай да бір себептермен өткізілмесе, тіпті тестілеу жасағысы келмейтін азаматтар бар, олар карантиннің аяқталуын күтеді. Олар үшін карантин 10 күн бойы сақталады. Яғни 10 күннен кейін олар ПТР-тест тапсырмай, карантинді аяқтап, жұмысқа шыға алады», – деп нақтылады комитет төрағасы.

Айта кетейік, қазіргі уақытта науқастар үшін карантин мерзімі 14 күнді құрайды.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ ЗАҢМЕН РЕТТЕЛУI КЕРЕК

Экологиялық қауіпсіздік мəселесі бүгінде əлемдік күн тəртібіндегі ең маңызды тақырыптың біріне айналды. Климаттың өзгеруі, өндірістік шығарындылардың артуы, тұрмыстық қалдықтардың көбеюі жəне табиғи ресурстарға түсетін салмақ мемлекеттерді экологиялық саясатты түбегейлі қайта қарауға мəжбүрлеуде. Қазақстан да бұл үдерістен шет қалып отырған жоқ.

Елімізде балаларға медициналық көмек көрсету тәртібі жаңарады 

Қазақстанда балаларға медициналық көмек көрсетудің жаңа моделі енгізіледі. Өзгерістер педиатрлар мен жалпы практика дәрігерлерінің жұмысына әсер етеді.

Биыл әскерге алынғандарға қандай жеңілдік бар?

Президент Жарлығына сәйкес 2026 жылғы 17 наурыз бен 30 маусым аралығында өтетін көктемгі әскерге шақыру науқаны әлі жалғасып жатыр.

Қазақстанда 5 мыңнан астам оқушы жұмыс істеп жүр

Министрдің айтуынша, елімізде еңбек қызметіне рұқсат етілген 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдердің саны 1,7 миллионға жетеді.