Қаза тапқан полицейлер отбасына қандай көмек көрсетіледі?

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызмет барысында қаза тапқан қызметкерлердің отбасына заң бойынша қандай көмек көрсетілетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ерлан Тұрғымбаев қаңтарда террористер қолынан полицейлер мен Ұлттық ұланның сегіз қызметкері қаза тапқанын, 2911-і жарақат алғанын атап өтті. Ерлікпен қаза тапқандар II және III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған. Олардың отбасына жан-жақты көмек көрсетілді.

«Одан бөлек, заң бойынша, қызметтік міндетін атқару барысында қайтыс болған қызметкерлердің отбасына 5 жыл ақшалай өтемақы, сондай-ақ жерлеу үшін 3 айлық өтемақы төленеді», — деді Тұрғымбаев Үкімет отырысында. 

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....