Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында төтенше жағдай енгізді

1. Азаматтардың маңызды және тікелей қауіпсіздігіне байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында 2022 жылғы 5 қаңтардағы 12 сағат 30 минут пен 2022 жылғы 19 қаңтардағы 00 сағат 00 минут мерзімі кезеңінде Алматы облысының шекараларында төтенше жағдай енгізілсін.

2. Алматы облысында төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде 23 сағат 00 минуттан 7 сағат 00 минутқа дейін коменданттық сағат енгізілсін.

3. Төтенше жағдайдың кезеңінде Алматы облысының комендатурасы құрылып, оған «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының заңында көзделген өкілеттіктер берілсін.

Алматы облысының коменданты болып Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Серік Мырзақұлұлы Күдебаев тағайындалсын.

Төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде мынадай шаралар мен уақытша шектеулер енгізілсін:

  • қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін;
  • Алматы облысында жүріп-тұру, оның ішінде көлік құралдары қозғалысының еркіндігіне шектеулер белгіленсін;
  • жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды жеке тексеру, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеру қамтамасыз етілсін;
  • Алматы облысына кіру, сондай-ақ одан шығу шектелсін;
  • бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынсын;
  • ереуілдерге және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұрудың немесе тоқтатудың өзге де әдістеріне тыйым салынсын;
  • қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға тыйым салынсын, дәрі-дәрмектің, есірткі заттардың, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің айналымына ерекше режимі белгіленсін;
  • жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәріні, улы заттарды уақытша алып қою, ал заңды тұлғалардан қаруға, оқ-дәріге және улы заттарға қоса әскери және жауынгерлік оқу техникасын, жарылғыш және радиоактивті заттарды уақытша алып қою қамтамасыз етілсін.

5. Төтенше жағдай режимі кезінде қолданылатын шаралардың іске асырылуына жауапты болып Алматы облысының комендатурасы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі белгіленсін.

6. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры осы жарлықта белгіленген шаралар мен уақытша шектеулерді іске асыру кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етсін.

7. Қазақстан Республикасының Үкіметі төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қажетті қаражатты бөлсін.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойған болатын.

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...

Личность, аналитичность и профессионализм 

ВСЕ ПРОФЕССИИ ПОЛИЦЕЙСКОЙ СЛУЖБЫ ТРЕБУЮТ ОСОБОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТИ, КОМПЕТЕНТНОСТИ, ПРИНЦИПИАЛЬНОСТИ...

Как толпа меняет поведение

ПРЕДСТАВЬТЕ ОБЫЧНУЮ СИТУАЦИЮ, КОГДА НЕСКОЛЬКО ЧЕЛОВЕК СТАНОВЯТСЯ СВИДЕТЕЛЯМИ КОНФЛИКТА...

Жаңа өнеркәсіптік саясат, өңдеу секторы және индустриялық-инновациялық даму

Қазіргі таңда әлемдік экономиканың даму қарқыны өндірістік технологиялардың жетілуімен,...

В ООН рассмотрят предложение Казахстана о создании международной водной организации

Предложение Токаева рассмотрят в Абу-Даби в рамках диалога о...