Жахан Отарғалиев: «Instagram-да бір жарнамам 1 миллион теңге. Бір Stories 200 мың»

Жахан Отарғалиев желі арқылы табыс тауып отырғанын айтты. Актер желідегі оқырмандарын үлкен еңбекпен жинаған. Желіден тапқан табысқа үй салып, көлігін жаңартқан.

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Жахан Отарғалиев сондықтан арзан жарнама, керексіз дүниелерді жарнамалағысы жоқ. Тіпті достарының да өтінішін орындай алмайды.

«Мен дәл қазір желі арқылы табыс тауып отырмын. Желідегі 2 миллионнан астам оқырманды өз еңбегіммен жинадым. Оның өзі үлкен еңбек. Күн сайын вайн ойлап табу, оны түсіру, оқырманды күлдірту оңай емес. Кейбір достарым маған өзін жарнамалауды сұрап жатады. Мен ондайдан бас тартамын. Себебі мұнда достық жүрмейді», — деді Отарғалиев.

Жахан Отарғалиев осы сұхбаты арқылы достарына құлаққағыс жасады.

«Мүмкін менің осы сөзімді естіп қалар. Достарым мені түсінер. Әдейі айтып жатырмын. Өтінінштерін орындамасаң, ренжіп жатады. Мен желіден нан тауып отырмын. Құрылыс компанияларын жарнамалап үйге қажетті заттарды тегін алдым. Үйімді салдым. Көлігімді жаңарттым. Бұрын тойдан табыс табатынмын. Қазір табыс көзім — Instagram. Бір жарнамам 1 миллион теңге. Бір Stories 200 мың», — деді актер.

Жахан Отарғалиевтің оқырманы Жаханның өмірімен жақын таныс. Ол күнделікті тіршілігін, үйін, отбасын видео арқылы жаиялап отырады. Тіпті үйінің құрылысы басталғаннан аяқталғанға дейін оқырманының көз алдында өтті. Алайда желі қолданушыларының бірі Жаханның сөзін қолдаса, енді бірі түсінбестік танытты.

«Сонда достарыңның өтінішін орындай алмайсың ба?», «Достарыңды жарнамалағанда тұрған не бар?», «Онда дос та емес шығарсыңдар», «Дұрыс қой жариялағысы келмеген адамды не үшін жарнамаау керек?», «Оның қанша оқырманы бар. Оларға қызық нәрсе керек. Оларды жалықтырмау керек. Жахан соны ойлап тұр», — деп жазды олар.

AI-проекты: решение реальных задач

ВТОРОЙ ЭТАП ПРОГРАММЫ AI-SANA – ОДНОЙ ИЗ КЛЮЧЕВЫХ ИНИЦИАТИВ,...

Когда пенсионные накопления под угрозой 

Согласно статистике Агентства по финансовому мониторингу, в 2025-2026 годах...

Строительный кодекс: семь решений законодателя

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА СТРОИТЕЛЬНОЕ ПРАВО КАЗАХСТАНА ФАКТИЧЕСКИ ВСТУПИЛО...

Уроки духовности

ДУХОВНОМУ И ПАТРИОТИЧЕСКОМУ ВОСПИТАНИЮ КУРСАНТОВ В АЛМАТИНСКОЙ АКАДЕМИИ МВД...

Акцент – на профилактику

О НЕОБХОДИМОСТИ СИСТЕМНОЙ И НЕПРЕРЫВНОЙ РАБОТЫ ПО РЕШЕНИЮ ПРОБЛЕМ...