Антидене үндістандық мутацияға қарсы тұра алмайды — ДДҰ

Коронавирустың үндістандық мутациясы тез жұғады және антиденелерге қарсы тұра алмайды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды РИА Новости.

ДДҰ мәліметінше, Үндістанда вирустың жаңа түрлері, оның ішінде, B.1.617 анықталған.

«E484Q және L452R мутациялы вирустың бұл түрі Үндістанда 2020 жылдың 1 желтоқсанында анықталған сынамалардан табылды. Бұл мутацияларды зерттеу жұмыстары әлі де жүріп жатыр», — деді ұйым өкілдері.

Зерттеудің алдын ала болжамына сәйкес, L452R моноклоналды антиденелермен емдеудің кейбір түрінің тиімділігіне әсер етеді. E484Q өз кезегінде антиденені жойып жіберуі мүмкін. Осылайша коронавируспен ауырып шыққан науқастағы антиденелер үндістандық мутациямен күресе алмайды.

ДДҰ мамандарының сөзінше, Үндістаннан тараған вирус мутациясына не әсер еткені белгісіз. Оның бір себебі — ірі шаралардың өтуі және антиковидтік шаралардың жеңілдеуі болуы мүмкін.

Крах финпирамиды: не случайность, а неизбежность 

С ГРОМКИМ ТРЕСКОМ ОБРУШИЛАСЬ ЕЩЕ ОДНА ФИНАНСОВАЯ ПИРАМИДА. ПОД...

Цена нарушенной безопасности

СУД В ЩУЧИНСКЕ ВЫНЕС ПРИГОВОР ПО ДЕЛУ О ВЗРЫВЕ...

Судебной экспертизе Казахстана – 75 лет 

75-ЛЕТИЕ СУДЕБНО-ЭКСПЕРТНОЙ СИСТЕМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН – ЗНАМЕНАТЕЛЬНАЯ ДАТА ДЛЯ...

Вызов навстречу трагедии

В ГРОМКОМ ДЕЛЕ О ГИБЕЛИ ФЕЛЬДШЕРА УЛДАНЫ МЫРЗУАН В...

Задача – повышать авторитет судебной власти 

25 ЯНВАРЯ 1999 ГОДА В Г. АЛМАТЫ СОСТОЯЛСЯ ВТОРОЙ...