Қазақстанда пандемия соңына дейін салық демалысын енгізу ұсынылды

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев пандемия аяқталғанға дейін зардап шеккен секторларда айыппұл мен өсімпұлды алып тастай отырып, салық каникулын енгізуді ұсынды. Мәжілісменнің айтуынша, қолданыстағы несие шарты аясында төлемді кейінге қалдыру мәселені шешпейді, тек қарыз жүктемесін күшейтеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2020 жылғы 15 сәуірден бері Үкіметке, Ұлттық банкке және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне тоғыз сауал мен үндеу жібердік. Онда төлемдерді кейінге қалдырудың жартылай сипатына назар аудардық. Олардан өзара байланысты мәселенің барлық спектрін пысықтауды талап еттік. Қолданыстағы несие шарты шеңберінде төлемді кейінге қалдыру мәселені шешпейді. Бірақ қарыз жүктемесін көбейтеді. Мерзім аяқталғаннан кейін жинақталған төлемдер сомасы қарыздың негізгі сомасына қосылады және шарттың қалған мерзімінде ағымдағы төлем өседі», — деді Перуашев премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында.

Перуашев былтыр сәуір-мамырда фракция ұсыныстарды елемеу арқылы (1 қазан) алдағы уақытта бұл мәселеге оралуға тура келетінін ескерткенін айтты. Бірақ көп бизнес субъектісі уақыт жоғалтты, деді депутат.

«Талаптарымыз ескерілмеді. Егер Президенттің Жолдауын орындау үшін өткен жылдың күзінде бизнестің 8400 жобасына арналған несие қайта қаржыландырылған болса, кешегі «Ақ жол» фракциясының отырысында айтылған деректер бойынша, 10 мыңнан аса кәсіпорын жұмысын түпкілікті тоқтатты», — деп толықтырды мәжілісмен.

Депутат Президенттің несие төлемін кейінге қалдыру туралы тапсырмасын орындау аясында фракция экономиканың зардап шеккен секторлары, шағын орта бизнес үшін несие мерзімдерін ұзарту және несиелік каникул енгізу туралы ұсыныстарды қайта жіберетінін айтты.

«Осыған ұқсас, үшінші шараны ұсынамыз: пандемия аяқталғанға дейін салық демалыстарын енгізу, зардап шеккен секторларда айыппұл мен өсімпұлды жою, сондай-ақ салық төлеушілердің жағдайын нашарлататын салық салу мен басқарудың жаңа нормаларын енгізуге тыйым салу», — деп түйіндеді Перуашев.

Меңдібай аға 600 шақырымдық межеден өтті: Балқаш «Құрылтайға жол» эстафетасын қабылдады

«Құрылтайға жол» ультрамарафоны жаңа межеге жетті. Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кері әсерін тигізетін,...

Еркіндік пен әдепсіздіктің шекарасынан өтіп кетпейік

Достар, мен бүгін маңызды мәселе көтергім келіп отыр. Ол...

Қазақстан орман-климаттық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын дамытуға арналған...

Соттың белсенді рөлі – әділ сот төрелігінің негізі

Құқықтық мемлекет қалыптастыруда сот жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі...