7-сынып оқып жүргенде әкем отбасымыздан кетіп, мұғаліміме үйленіп алды — Ринат Зайытов

Белгілі ақын Ринат Зайытов балалық шағы, ата-анасының ажырасуы, қазіргі мақсаты жайлы бүкпесіз жайып салды.

Бұл туралы ақын «Ең алғашқы» бағдарламасында айтты, деп жазады stan.kz.

Жетінші сыныпта оқып жүргенде, әкесі отбасынан кететінін мәлімдеген. Бала Ринатқа бәрінен де әкесі мен оның жаңа әйелі жұмыс жасайтын мектепке күнде бару ауыр соққан. Себебі әкесінің жаңа әйелі Ринатқа тарих пәнінен сабақ берген.

«Мен бәрін түсінетіндей жаста емес едім. Ағаларым «әкеміз неге бұлай істеді?» деп жатты. Мен мұны тек сотта сезіндім. Сотта менен әкең жаққа барасың ба, шешең жаққа барасың ба деп сұрақ қойды. Сол кезде екеуінің бірін таңдауым керектігін түсіндім. Сол ауыр тиді. Әкемнің қосылған адамы менің тарих мұғалімім болды. Маған ол мектепте оқу мүмкін емес болды. Күнде балалармен төбелесе бастадым, біреу мазақтайды.

Содан заттарымды жинап, Семейде тұратын үлкен ағам Алмастың қолына кеттім. Дәл сол жылы темекі тарта бастадым. Менің теріс қылықтар істеуім, қылмыстық элементтері бар әрекеттерге баруым, сондай балалардың қасында жүргім келгені – әкем кетіп қалғаннан кейін өзімді тәуелсіз, күшті адам сезінгім келген шығар», — деп өткенді еске алды Ринат Зайытов.

Бүгінде өзі көп балалы әке болып отырған Ринат әкесін еш сынай алмайтынын, өмірде әкесінің барына шүкір ететінін айтты.

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...