Балаларға аспирин беруге болмайды — дәрігер

Дене қызуын түсіру үшін 12 жасқа дейінгі балаларға аспирин беруге болмайды. Бұл туралы дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап. 

Дәрігердің айтуынша, аспирин балада Рей синдромы сияқты ауыр асқынулар тудыруы мүмкін. Бұл жедел бауыр ауруы және энцефалопатия. Синдромның дамуы өлімге әкелуі мүмкін.

«Әлемнің барлық жерінде балаларға аспиринді ауырсынуды басатын немесе дене қызуын түсіретін дәрі ретінде беруге тыйым салынады», — дейді дәрігер.

Ол мұндай жағдайда балаларға препарат ретінде парацетамол берген дұрысырақ екенін атап өтті.

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...