12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Эпиджағдай нашар — Бекшин Алматыдағы коронавирус жұқтыру туралы

Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев пен қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы коронавирус бойынша жағдайды баяндады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

29 наурызда коронавирус инфекциясының 545 жағдайы тіркелді, оның 468-інде ауру белгілері бар, 77-сі симптомсыз.

«Қаладағы эпидемиологиялық жағдай нашар. Өткен тәулікте — 545 жағдай. Біз екі мутацияланған коронавирус штамын ескере отырып, одан көп анықталады деп ойлаған едік. Себебі олар жұқпалырақ әрі инкубация кезеңі қысқа. Бұған дейін вирус отбасындағы бірнеше адамнан ғана анықталса, мутацияланған штамдар үйдегі барлығына жұғады. Сондықтан өте қатаң шаралар енгізуді талап етеміз», — деді Бекшин.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы пандемия басталғалы 30 наурызға дейін Алматыда коронавирус инфекциясының 33 557 жағдайы тіркелгенін, оның ішінде 22 656-сы белгілері бар және 10 901-і симптомсыз болғанын атап өтті. 26 820 адам сауығып шықты, 452 адам қайтыс болды.

«Бір тәулікте 262 адам келіп түсті, 317 адам шығарылды, 210 адам сауықты, өлім жағдайлары болған жоқ. Барлығы инфекциялық стационарларда 2 696 адам жатыр, оның ішінде 32-сі аса ауыр жағдайда, 302-сі ауыр жағдайда, 2 362-сінің жағдайы орташа ауыр. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде 135 науқас, жасанды тыныс алдыру аппаратында 8, инвазивті емес жасанды тыныс алдыру аппаратында 55 науқас жатыр», — деді Нариман Табынбаев.

Сотрудники учреждения №3 возложили цветы к Вечному огню

Сотрудники учреждения №3 возложили цветы к Вечному огню в...

№3 мекеме қызметкерлері мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

ҚАЖ Департаментінің №3 мекеме қызметкерлері мәңгілік алауға гүл шоқтарын...

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған сенбілік

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамерті...

Абай мұрасы – ұлттық рухани қазына: Алматыда арнайы семинар өтті

2025 жылдың 13 мамырында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы...

Рабочее совещание!

В актовом зале РГУ «учреждения Nº3» КУИС МВД РК...