12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда жұмыртқа 33 пайызға қымбаттады

Қазақстанда жұмыртқа бірден 33 пайызға қымбаттады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

2021 жылдың ақпанында бірінші санаттағы жұмыртқалардың бағасы жылдық динамикада бірден 32,9 пайызға және бір айда 3,6 пайызға өсті. Елдегі базарлар мен дүкендерде жұмыртқа бағасы 411 теңге болды.

Ең қымбат баға Алматыда (оны — 474 теңге), арзаны Петропавлда (оны — 340 теңге) тіркелді.

«34 ірі құс фабрикасының 13-інде жұмыртқа бағасын өзара келісіп қою белгілері анықталды. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады. Жыл басынан бері екі айда жұмыртқа бағасы 11,5 пайызға өскен (былтыр осы кезеңде баға 1,4 пайызға төмендеген). Бағаның өсуіне құс тұмауының өршуі және құс санының азаюы да әсер еткен«, — дейді сарапшылар.

Сондай-ақ, жұмыртқа өндірісі бір жылда 18 пайызға төмендеген. 2021 жылдың қаңтар-ақпанында қазақстандық фермерлер 613,4 миллион жұмыртқа алды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 17,9 пайызға аз.

Өндірістің жартысы үш өңірге тиесілі: Ақмола (109,4 миллион жұмыртқа, минус 18,6 пайыз), Алматы (107,8 миллион жұмыртқа, минус 24,7 пайыз) және Қарағанды (99,6 миллион жұмыртқа, минус 1,4 пайыз) облыстары.

Былтыр қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстан фермерлері жұмыртқаға деген сұранысты (ішкі нарықта өткізу жіне экспорт) бір жыл бұрынғы 97,6 пайызға қарағанда 95,4 пайызбен қорытындылады. Өндірістің қысқаруына байланысты осы кезеңде импорт 1,8 есе артып, 245,9 миллион жұмыртқа болды.

Экспорттың үлесі 4 пайыз. Қазақстан экспортқа тек 210,8 миллион жұмыртқа жіберді. Бұл 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанына қарағанда бірден екі есе аз. Ішкі нарықта 5 миллиард жұмыртқа сатылған. Бір жыл бұрынғыға қарағанда 2,7 пайызға аз.

Заң мен тәртіпті сақтау — жалпыға ортақ міндет

Заңның үстемдік құруы барлық мемлекет үшін басты құндылық саналады. ...

Кәсіпкер егіз қыздардың жұбын жазбай, арман мектебіне бірге оқуға түсуге көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында...

АҚШ-тың үздік жақ-бет реконструктивті-пластикалық хирургтары Алматыда балаларға ота жасайды

Алматыда Қазақстандағы Америка Сауда Палатасының (AmCham) гуманитарлық медициналық миссия...

Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың...